Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 11774 0 пікір 17 Ақпан, 2015 сағат 13:40

БАҚЫТТЫ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ...

Не себепті әйел адам жетістікке жету үшін көп тер төгеді және қиналады? Өйткені, ол басқаша ойлайды. Шын мәнісінде әйел мүлде әлсіз топқа жатпайды. Керек десеңіз, егер өзі соны қалап тұрса ол шахта не заводта да жұмыс жасай алады. Бұл әбден мүмкін. Жеңіп тұру үшін өзінің әлсіздігін қолдану шын мәнісінде адамгершілікке жатпайды. Ондайды ер адамдар да, қоғам да сыйламайды. Сондықтан мүмкін сол бір жалқаулық пен арам ойын, пиғылдың әрекетінен әйел адамға деген сыйластық аз шығар қазір. Сондықтан егер белгілі бір істі жасағың келмей тұрса жаның қалаған істі тап та, жаса. Өйткені, ол - өте маңызды. Өйткені, ол адам жүрегі, адам жаны үшін маңызды. Мен құрбандықты әрі басқа адам үшін бар жаныңды арнауды сыйлаймын. Әрі ондай нәрсеге ештеңе жетпейді деп айтсам қателеспеймін. Тек айтқым келгені – ондай құрбандықтар ешуақытта ақталмайды. Сондықтан әр адам өзін ойлауы қажет.

Өткен мен тарихты сабақтасақ, не тіпті дінді еске алатын болсақ, мысалы, Хауа ананың кесірінен адамзат жұмақтан қуылмай ма? Мен адамзат кауымын жақсы көруге тырысамын адамгершілік қағидасы бойынша. Дегенмен де көптеген қателікті еріміз бар, қызымыз бар – бәріміз жасап, өз өмірімізді өзіміз қиындатамыз. Оған тіпті жоғарыда отырған азаматтар, не менталитет те кінәлі емес. Егер сен бақытсыз болсаң, бақытты болу сенің өз таңдауыңда, өз қолыңда. Дәл қазір тұр да мешітке барып кел!!! Қайыр-садақа беріп қайт!!! Сенен де тұрмысы нашар адамдар бар. Сол адамдарға болысудың амалын тап. Өзгелерге болысу арқылы сен өзіңді табасың!!! Қайтадан жаңарып, жақсы қасиеттерің ояна бастайды. Ешуақытта биік емеспін деп қынжылма!!! Өйткені, сен туылған кезде биік әрі ғажап болып туылдың!!! Әрі түзелуге Алла-Тағала ылғи мүмкіндік береді!!! Соны ұмытпа!!! Өзгелерге жаманшылық істеме!!! Керісінше, көмектес!!! Олар да тұрсын!!! Олар да бақытты болсын деген ниетпен істе кез келген істі!!! Бәсекелестік ол жақсы!!! Бірақ ол адал бәсеке әрі жақсы іске, білім мен жетістікке негізделген бәсеке болуы керек, анау-мынау емес. Егер, мысалы, Хауа ананың сол кезде бір айналысып жүрген ісі болса, ол ондай қателік жасап, жыланмен әңгімелесіп уақытын кетірмес еді ғой. Өзінің бір сүйікті айналысып отырған ісі болса. Сүйікті іс ұлға да, қызға да керек!!!  Иә, қызық, өзге теорияларға ұқсамайтын басқаша теория. Алайда бұл менің өз ойым. Сондықтан өз ойымды ашық айтуға менің құқығым бар. Жақында мен бір «Интерны» деген сериалдан ұстаз дәрігердің оқушысына жас кезде жастар өзін ақылды деп санайды, алайда шын мәнісінде мүлде олай емес екендігін айтады. Мүмкін мен жастықпен қателесуім де әбден мүмкін. Алайда сөзімде шын бар екені де рас. Және бұны адамдарға көмектесу, санасын ояту негізінде айтып отырмын. Әрі осы әлемдегі әр адам арманына жетіп, бақытты болғандығын қалаймын. Өзім де арманыма жетіп, Алла қаласа, бақытты болғым келеді, Иншалла. Сол себепті де айтып отырмын. Ешуақытта, қызыңыз болсын, ұлыңыз болсын, өз армандарыңыздан бас тартпаңыздар!!! Тек қана алға, достар!!! «Егер әр адам өз білгенін жасай берсе мына әлем не болмақ?» деген сұрақ та туындайды. Иә, дұрыс!!! Меніңше, әр адам білгенін емес, өзінің шын мәнісінде бар жүрегімен не нәрсені қатты қалап тұрғандығын анықтап, арманын нықтап, сол нәрсенің орындалатындығына сеніп жұмыс істеу керек. Өзін байқап көру керек сол салада. Ал арман асқақ болуы керек, өзгелерге пайдасын әрі сәулесін әкелетіндей!!!

Маржан СМАҒҰЛОВА,

Алматы қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394