АҚШ РЕСЕЙДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІНЕ ҮНСІЗ ҚАРАП ОТЫРМАҚ
Әлемдік ақпарат көздері бүгін АҚШ пен Ресей арасында болған «құпия келісім» туралы хабар таратуда. Егер New York Times газетінің жазуына сенсек, АҚШ Ресейдің Украинадағы іс-әрекетіне көз жұмып қойып, үнсіз қарап отырмақ.
Аталған басылым осы күндері ресейлік әскери бөлімшелердің қару-жарақ құралдары Украинамен арадағы шекараларға орнығып, сепаратистердің қарауындағы аймақтарға толық бақылу орната бастады дейді. New York Times белгісіз «иран-украин келісімін» меңзей келе, Путин ядролық қарусыздану мәселесінде Батыстың Иранмен келіссөзіне жәрдем туғызатынын жазады. Осы мәселеде тоқайласқан Ақ үй мен Кремль өзара мүдделестік танытуда дейді The Daily Beast басылымы. Сөйтіп, ілкі сәтте тіл табыса қалғандықтан Обама Путиннің Украина дағдарысын біржақты етіп бітіруіне бітім танытып отырған сияқты. Бұның алдында Франция мен Германия ресми Киевті елдің шығыс аймағына ерекше мәртебе беру туралы әңгімеге шақырғаны белгілі болған еді.
Абай-ақпарат