Сенбі, 23 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 8415 0 пікір 9 Ақпан, 2015 сағат 11:14

"МАХАББАТТА ҰЛТ ЖОҚ" ДЕУ НАДАНДЫҚ

Құдашам ауылында мектепте жақсы оқыды. Құда мен құдағи «осыдан бірдеңе шығады» деп болашағынан үлкен үмітпен қарайтын. Сонымен уақыт зырлап өтіп, құдашам мектеп бітірді. Алматы шет тілдер институтына оқуға түсті. Ауыл-аймағы, туған-туысы мәз болып, ата-анасы шексіз қуанышқа бөленді. Содан не керек, әркім өз күйбең тіршілігімен жүргенде құдашаның оқу бітіретін мезгілі де жетіпті. Бірақ, құда мен құдағидың жүзі сынық. Байқаймын, Анель жөнінде әңгіме қозғағанда төменшіктеп, кібіртіктеп, әңгімені басқа жаққа бұрып жіберетін болды. «Алматыда жұмысқа қалған шығар» деп алғашқыда мән бермедік. Сондай күндердің бірінде  «Пәленшенің қызы шетелге байға тиіпті» деген күбір-сыбыр өсек шыға бастады. Сөйтсек,   Анеліміз Францияның бір зәңгісіне тиіп алыпты. Құда мен құдағидың ел-жұртқа қарар беті жоқ, қайғысын ішіне жұтып, осыдан он сегіз жыл бұрын бірінен соң бірі дүниеден өтті. Ол кезде біреуге біреудің қарайтын заманы ма еді. Бір үзім нан үшін бет-бетімізбен қаңғып кеткен кез еді... 
Өткен жылы Алматыға бір туыстың тойына барғанымда баяғы Анелді кездестірдім. Кезінде құда-құдағиды табалағандай болмайық деп кімге, қайда тигенін сұрауға бата алмай, анық-қанығын біле алмай қалған болатынбыз. Қазір қырыққа жақындаған салиқалы әйел. Ашық-жарқын, менімен әңгімелесіп жатыр. "Махаббатта шекара жоқ, махаббатта ұлт жоқ. Екі жас бірін-бірі сүйсе болды деген надандардың сөзіне еріп, бірге оқитын бір топтан қазақтың үш қызы Франциядан келген үш африкалыққа тиіп алдық. Ата-анамызға бақытсыздық әкелетінімізге, Құдай алдында күнәһар болып бақытқа жету топастық екеніне миымыз жетпеді. Құда-құдағи боп құйрық-бауыр жеп, немере-шөбере сүйіп, той тойлап, мен - саған, сен - маған болып, киіт киіп, бір-біріне шапан жауып, арқа-жарқа болып сағынысып күтетін бақытты күндерінен айырған екенмін. Басқа қыздардың балаларын «немере» деп өліп-өшіп жатады да, менің зәңгіден туған қап-қара балаларымды «жиен» деп айтуға туыстарым жиіркенетін еді. Әке-шешем менен үлкен үміт күткен еді. Әсіресе, әкем «осы қыз менің атымды шығарады» деп еркелетіп, жүзі бал-бұл жанып отыратыны есіме түскенде жүрегім қарсы айырылып, көзімнен жас парлайды. Иә, атын шығардым әкемнің - тек ағайын-туыс, жұртқа таба қылып. Ата-ананың ықыласымен тимеген бай, бүгін бе, ертең бе, бәрібір баянсыз болады екен. Осыған көзім жетті. Қайран әкем, менің кесірімнен қан жұтып, қайғысы ішін жеп, ерте кетті. Әйтпесе қайтыс болатындай қартайған жоқ қой", - деп жылап жіберді. Жұбата алмадым да.

Сонымен оқу біткен соң үшеуі де үш зәңгімен Францияда екі жылдай тұрып, соңынан олардың туған отаны Гвинея-Биссауға көшіпті. Анелдердің шыққан күйеулері Гвинея-Биссаудағы бір тайпаның өкілдері екен. Олардың салты бойынша баласы екінші рет үйленгісі келіп, жастау қыз алатын болса, әйелін өз әкесіне қатындыққа береді екен. Басқа әкелердің 2-3-тен жас қатындары бар екен. Сонымен күйеуі жас қыз алатын болып, Анельді әкесіне сыйлапты. Анель бір түнде қашып үлгеріпті. Келгеніне бір жылға жуық болса да, құжатсыз, базарда жұмыс істеп, екі баласын асырап отыр екен. "Ана сорлы екі қызға не болғанын білмеймін». Келерге қаражаты жоқ. Ботадай боздап жылап қалған еді" деп күрсінді ол.

Бұларға кешіріммен қарауға болмайды, сол керек, «Не ексең соны орасың» деген ып-ырас екен. 

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ.
Астана қаласы. 

 

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373