АҚШ-та түрік дүниесінің дамуына арналған ғылыми конференция өтті
АҚШ-тағы Әзірбайжан-Американ Кеңесінің президенті, ғалым Джавид Гусейнов 1news.az сайтының тілшісі Ризван Гусейновке ғылыми конференцияға қатысты сұхбат берді
- Жақында өткен «Түрік дүниесі» конференциясы көңіліңізден шықты ма? Конференция өзінің мақсатына жетті ме?
- Сөз жоқ конференцияны біздің барлығымыздың үлкен жетістігіміз деп атауға болады. Біріншіден, түрік дүниесіне арналған бұл конференция АҚШ-та өткен тұңғыш қоғамдық-ағарту шаралардың бірі. Екіншіден, әзірбайжанның диаспоралық ұйымдарының бұл шарасы әлемге әйгілі Колумбия университетінің тарапынан қаржыланып отыр. Бұның өзі конференцияны ұйымдастырушы Әзірбайжан-Американ Кеңесінің, Американың Әзірбайжан Кеңесінің ықпалын күшейтіп, болашақта осындай шараларды жоспарлау мен өткізуді жеңілдетеді. Оның үстіне айта кету керек, осындай ірі шараның сыртқы көмексіз, тек қана диаспоралық ұйымдар мен университеттің ғана күшімен ғана ұйымдастырылып өткізілуі АҚШ-та ірі және ықпалды диаспорамыздың құрылып жатқанынын білдірсе керек.
Оның үстіне, үшіншіден Әзірбайжан мен Түркиядан тыс конференцияға басқа да түрік халықтарының, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның, месхетин және татар диаспораларының өкілдерінің көптеп қатысуы, онда жасалған баяндамалар мен хабарламалар түрік бірлігі мен тұтастығын паш етіп қана қоймады, олардың мықты идеологиялық тұғыры бар екенін дәлелдеді.

- «Түрік дүниесі» конференциясына қатысушы ғалымдар мен мамандарды қандай мәселелер қызықтырды? Конфернцияда қандай тақырыптар талқыланды?
- Конференцияның аясындағы баяндамалар мен талқылар алдын-ала бекітілген тақырыптар төңірегінде өрбіді. Олардың ішінде: түрікшілдік негіздері (тілдік және тарихи тамырластық), ортақ энергетикалық және геосаяси басымдықтар, қоғам дамуы мен түрік диаспораларының тіршілігі деген тақырыптар болды. Ең көп талқыланған баяндамалардың ішінде баршаға ортақ түрік тілінің тұжырымдамасын жасап шығу туралы Висконсин университетінің профессоры Юлай Шәмілоғлының мазмұнды баяндамасын атауға болады. Сонымен қатар, мен Қазақстанның өкілі, Рутгер университетінің докторанты Әсел Рүстемованың Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік және қоғамдық басқару жүйелерінің салыстырмалы талдауына арналған баяндамасын ерекше атап өтер едім.
- Конференциядан қандай әсер алдыңыз және болашаққа не жоспарлап отырсыздар?
- Бірінші алған әсерім – түрік бірлігінің тұжырымдамасы тек қана эмоционалды ағайыншылдық пен этнонационализм емес, бір-бірімізді терең түсінісу, осының негізінде өзара тиімді және саналы ынтымақтастық құру негізінде жасалуы мүмкін екеніне көз жеткіздім. Бұл бағытта бәрімізге ортақ тілдік саясаттың қажеттілігі, әсіресе, айқын аңғарылып отыр.
Бұл жәй әншейін әңгіме емес. Жақында мен Германия мен Болгария университеттерінің мамандары Эрхарт Хинрих, Дейл Гердман мен Джон Нербон дайындаған «Еуропадағы лингвистикалық бірлік пен саналуандық» деген еңбегін оқып шықтым. Ғалымдардың пайымдуынша, әрбір қоғамның мәдени байлығы мәдениеттердің саналуандығымен айқындалса, елдер арасындағы бірлік тіл бірлігімен қамтамасыз етіледі екен. Осыдан-ақ бүгінгі күні Еуроодаққа бірігіп жатқан мемлекеттер арасында да тіл бірлігі мәселесі алдыңғы қатарға шығып отырғанын аңғаруға болады.
Егер сіздерге бұдан да нақты үлгі керек болса, АҚШ-қа назар аударыңыз. Шын мәніндегі көпұлтты, көпдінді американ қоғамы ең алдымен ортақ тіл арқылы бірігіп, сол тілде пікірлесу арқылы өз құқықтары мен мүдделерін келістіріп, ұлтық мәмілеге келіп отыр. Осыған ұқсас түрік халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған тұжырымдамаларды әзірлеу үшін біздер «Pax Turcica» («Түрік дүниесі») жобасын бастап отырмыз. Бұл жоба жақында ресми тіркеуден өтіп АҚШ-тағы белсенді қорлардың біріне айналады.
- Ешкімге құпия емес, бүгінгі күні әлем саясатын айқындап отырған БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Қытай және Ресей кіреді. Қарап отырсаңыз, бұл ұйымның басты шешімдерінің қабылдануына төрт христиан және бір Таяу Шығыс мемлекеттері орасан зор ықпал етіп отыр. Алайда оның қатарында бір миллиард мұсылманның атынан сөйлей алатын бірде-бір мемлекет жоқ екен. Қалай ойлайсыз, түрік дүниесі, оның көшбасшыларының бірі саналатын Түркия мұсұлман елдерін біріктіріп, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі бола ала ма?
- Сұрағыңыз орынды екен. Жауап беріп көрейін. Жақында Американың стратегиялық талдау «Стратфор» орталығын құрушы Джордж Фридманның «Келесі жүз жыл» деген кітабы шықты. Ол өз кітабында жиырма бірінші ғасырдың ортасына қарай Түркия Жапония және Мексикамен қатар әлемдік державалардың біріне айналады деп болжам жасап отыр. Фридманның ойынша, бұл межеге Түркия тек мұсылман қауымының көбасшыларының бірі, тек Орталық Азия мен Кавказбен тығыз ынтымақтастық орнату арқылы жете алады екен. Егер осындай нақты жоспарлар болса, олар іске асырылса Түркия болашақта БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесіне айналуы әбден мүмкін. Алайда, тағы да басып айтайын, біздердің «Pax Turcica» жобамыз үшін белгілі бір мемлекеттің көшбасшылығынан гөрі түрік елдерінің теңдәрежелі, өзара тиімді ынтымақтастығы маңыздырақ...
Айдос Сарым, «Абай-информ»