Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3901 0 пікір 6 Қазан, 2010 сағат 07:46

«Нағыз қазақ» надан ба?

Таяуда Better.kz сайтында «Консолидация через усиление розни? Непримиримость шала-казахов и нагыз-казахов возрастает» деген тақырыппен Тимур ИСАХАНОВ дейтін фрилансердің мақаласы жарық көрді. Мақала авторы бір қазақты «шала қазақ» және «нағыз қазақ» деп жікке бөліп, аталған мақаласында «екі қазақтың» ортасына шала тастай жазыпты. Алдымен айтарымыз, автордың «нағыз қазақты» ұнатпайтыны бесенеден белгілі болып шықты. Бірақ автордың  «надандау» «нағыз қазағының» бір артықшылығы - орыс тіліндегі жазу-сызуды да оқи алады. Дегенде, Исахановтың мақаласын түп нұсқасынан қотарып бере салуға болатын еді, бірақ abai.kz порталының шетелдегі оқырманы орысшаңды қайтсін, олар - орыс тілінде құқ дей алмайтын нағыз қазақтар ғой. Соны ескеріп өзін «шала қазақ» деп білетін бауырымыздың шатты-пұтты мақаласын ықшамдай аударып жариялағанды жөн көрдік.

Дәстүрлі ауыл өмірінен қалаға келген жастар мен қазақтың шығармашылық орталығы «нағыз қазақтардың» ерекшеленуіне ұйытқы болуда. Турасын айтсақ, «нағыз қазақтық» идеолгияны қазақша ғана сөйлейтін этномәдени элита таратып жүр дейді автор.

Совет заманында бұл элита жылыжайда жатты, бірақ ССРО күйреп еліміз тәуелсіздік алғанда әлгі қайраткерлер замана талабына жауап бере алмады.  Ауылшаруашылығындағы күйзеліс қазақ тілді мигранттарды тоғысуы қиын екі әлемнің шегінде тұрған орыстілді қалаларға қарай жетеледі. «Нағыз қазақшылдықтың» шығармашылық топтан құралған идеологтары қалалардың басты сипатын өзгертіп жаңа мигранттардың талабына икемдеуге кірісті. Олар алдымен мемлекеттік тілді мәселе етіп көтерді деп жазады авторымыз.

Мемлекеттік құрылымдарды түзу барысында қазақ тілі идеясын бар қазақ ынта шынтасымен қабылдады. Қалалық орыстілді қазақтар балаларын қазақ мектептері мен қазақ балабақшаларына бере бастады. Алайда, арада жылдар өткен соң олар балаларын кері қайтаруға мәжбүр болды. Қазір қазақтар балаларын қазақ мектептерінен қайтып алып ортыстілді білім мекемелеріне беріп жатыр деп қынжылады автор.

Өйткені, «нағыз қазақтардың» ақындары мен жазушылары, тіл мамандары - бір сөзбен айтқанда көшбасшылары, тілді модернизацялауға, яғни жаңалауға, жаңаға беймдеуге құлықсыздық танытып келеді әрі қызғылықты әдеби оқулық жасау ісінен де жұрдай. Жаһандану мен ғаламтор дәуіріндегі қала қазақтарын қадым замандағы батырлар мен олардың аңызға құрылған ерліктері еш қызықтырмайды. Сондықтан шала-қазақтар Джойс пен Муракамиді орыс тілінде оқи береді.

Автор қазақы ортадағы шығармашылықтың өзге саласы да осындай көңілсіз халде дей келе ертеректе Рашид Нугманов азиялық әлпеттерді мол тоғыстырған «Игла» атты культовый фильм түсірді, бірақ оның өзі орыс тілді, орыс тілді Алма-Ата туралы фильм болғанын айтады. Қазақтілді көрермен деп қояды, Better.kz сайтының Исаханов деген авторы, жетпісінші жылдары түсірілген қазақ шапанының шалғайындағы эпостық «Қыз Жібек» фильміне тамсанумен әлі отыр.

Көшелері қазақша қауқылдасып бара жататын бүгінгі қалалардағы  қазақ ақындары мен жазушыларының қалың армиясынан біреу шығып тым құрығанда қысқа метражды фильм түсіруге тәуекел ете алмады. Шым-шытырық оқиғалар, махаббат ғазалдары, комедиялар қайда? Бұл нені білдерді, бұл - «нағыз қазақтардың» қалалық ортада жүйелі ештеңе жасай алмай келе жатқанын білдіреді. Уақыт деген жетіп артылды. Енді қашанға дейін күтуге болады?

«Нағыз қазақтардың» мектебінен бастап журнал редакцияларына дейін бұзықтықтың, коррупцияның, жалқаулық пен даңғойлықтың үлгісі болып келеді деп кеңірдек созған автор бұндай жаман әдет «шала қазақтардың» арасында да бар, алайда олар кеуде соғып мақтанбайды, солар емес пе халықаралық музыкалық байқауларда Шопенді орындап жүлде алып жүрген, солар емес пе аэронавигация саласына бет бұрып «Делойт энд Туш» сияқты компнаияларда қызмет етіп жүрген дейді.

«Нағыз қазақтар» «шала қазақтар» мен еуропалық нәсілді ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілді жүйелі әрі қолайлы түрде үйренетін  интеллектульды-филологиялық өнім бере алған жоқ. Сондықтан шала қазақтар ағылшын тіліне көшуде дегенді айтады автор аталған мақаласының бел ортасында.

Автордың пайымдауынша «нағыз қазақтар» интернет дегеннің не екенін де әлі дұрыс ұқпағанға ұқсайды. Қазақтілділер тұтынатын «нағыз қазақтардың» сайты   «Абай.кзға» кіріп оқитындардың саны аз, сондықтан бұл сайт қоғамның саяси өмірінен туындайтын тақырыптарға ықпал ете алмайды. Соны ойлап қазақстандық әйгілі Zonakz.net (бұрынғы Навигатор)  ресурсының жеткшісі Юрий Мизинов  бірнеше рет интернет-ТВ арқылы қазақтілді ой пікріге өзінің сайтынан арнайы бет ашқанын мәлімдеді. Бірақ оған кіріп оқып, мақала жазып жатқан «нағыз қазақ» жоқ.

Есесіне «нағыз қазақтар» өз ішінен руға, атаға бөлініп жіктеліп жатыр. Мысалы, Оңтүстіктің қазақтары дулат қоңырат болып бөлінеді, ал «шала қазақтардың» Алматы мен Астанада бірлігі күшейе түсуде  дейді автор.

«Нағыз қазақтардың» арасында көп тілді білетіндер де бар екен. Бірақ солардың өзін «нағыз қазақтар» аса ұнтатпайтын көрінеді.

«Нағыз қазақтар» мен «шала қазақтардың» арасындағы текетірес немен аяқталуы мүмкін. Автор бұндай шетін мәселеге болжам жасауға қиналады. Қиналады да, Италияның алыста қалған тарихынан мысал келтіреді. XVI-XVII ғ.ғ. Италияда ауылдықтар мен феодальдар ұзақ уақыт бойында қала тіршілігіне үстемдік етіп шахарлардың тұрмысын аграрлық деңгейге дейін түсіріп жіберді. Шамасы, нағыз қазақтар мен шала қазақтардың арасындағы қарсылықтың жаңа кезеңі екі жақтағы күйді теңестіріп ортақ келісім табатын болар. Әзірше олардың бір біріне деген қарым қатынасының «ыстығы-температурасы» көтеріліп барады. 40 емес, бірақ соның қаупін аңғартатын 37 ұрып тұр... Осындай «дімкәс» халдегі қазақ халқы ХХI ғасырдың екінші он жылдығының табалдырығынан аттағалы тұр деп қортынды жасайды автор.

Аударған - «Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377