Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6392 87 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 22:29

Аштық акциясын жалғастыруды талап еткен Н. Құшақбаевтың көздегені не?

Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотында маңғыстаулық Oil Construction Company (ОСС) мұнай сервистік компаниясының еңбек инспекторы Нұрбек Құшақбаевтың (суретте) ісіне байланысты сот процесі өтуде.
Жалпы бұл оқиға неден басталған еді?

2017 жылдың қаңтарында заңда қойылған талаптарды орындамағандықтан Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты тәуелсіз кәсіподақ конфедерациясын жұмысын тоқтатады. Бірақ бұнымен келіспеген кәсіподақтың белсенді мүшелері бірнеше мәрте ереуілге шығады. Сол уақытта кәсіпорынның еңбек инспекторы Н.Құшақбаев жұмысшыларға ереуілді аштық акциясымен жалғастыру қажеттілігін талап етеді. Оның заңдық тұрғыдан сауатты азамат екендігіне сенген қарапайым жұмысшалар аштық акциясын жариялайды.
Алғашқы наразылық 15 желтоқсанда басталады. Еліміздегі атаулы даталарға сәйкес, одан кейінгі күндер мерекеге түсіп, жұмысшыларға 16-19 қаңтар аралығына демалыс беріледі. Бірақ 20-22 желтоқсан күндері жұмыс істелмейді, цехтердегі барлық өндіріс тоқтап қалады. Бұл акция 26 желтоқсанға дейін жалғасады. Айта кетейік, кейбір жұмысшылар ереуілді қош көрмей, одан да жұмыс жасай бергенді дұрыс санайды. Бірақ бір бөлме ішінде емес, бүкіл кәсіпорын аумағына ауысқан акция салдарынан жұмыс істеуге мүмкіндік болмайды.
26 желтоқсан күні цех басшылары Қарақия мен Жетібай аудандық соттарына аталмыш ереуілдің заңсыз екендігін ескертетін арыз түсіреді. Сот мұнайшылардың аштық акциясын заңсыз деп таниды. Әрине, құқықтық мемлекет қағидаларына сәйкес, сот шешімі шыққан соң жұмысшылар акцияны тоқтату керек болатын. Себебі, оны орындамау -заңды бұзумен бір. Бірақ Н. Құшақбаев сот шешімін орындамауға шақырады. Ол өз сөзін 100 адамды полиция келіп түрмеге қамай қоймас, сондықтан неғұрлым көп болсақ, соғұрлым өзімізге жақсы дегенге әкеліп саяды. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сәйкес, бұндай амал 402 баптың 2-бөлігінде заңмен қудаланады.
Осы орайда, Нұрбек Құшақбаев – 402-баптың 2-бөлігі бойынша ("заңсыз ереуілге қатысуды жалғастыруға арандату") айыпталып отырғандығын ескерте кетейік.
4 қаңтарды наразылық білдірген мұнайшылардың пікірін тыңдау, сонымен қатар  кәсіпорында тәртіп орнатып, цех жұмысын жалғастыру мақсатында облыс әкімдігі жиналыс өткізеді. Ал 5 қаңтарда Мұнайлы ауданының әкімімен кездесу болады. Алайда, өкінішке орай оның  нәтижесі көңіл көншітерлік емес. 340 адамның тек 60-сы ғана келесі күні жұмысқа шығады. Тек  7 қаңтардан бастап қана кәсіпорын толықтай өз жұмысын тек жандандыруға мүмкіндік алады.
Енді жұмыс тоқтап қалған екі цех салдарынан, яғни жұмысшылардың аштық акциясын жалғастыра беруінің нәтижесінде кәсіпорын шығының айтатын болсақ, ол 94 млн. теңгені құрап отыр. Республикалық бюджеттен осыншама қыруар қаражаттың сусап, қолдан кетіп қалғаны кімді толғандыру керек? Айтпай кетсек, дұрыс болмас: жарты ай жұмыс істемей, ереуілді 15 қаңтарда бастаған жұмысшылардың айлығы желтоқсан айында толығымен төленген.
Енді Құшақбаевтың ісіне қатысты оралсақ. Қаншама адамды емеурінді сөзімен елітіп, аштыққа мәжбүрлеген еңбек инспекторының бұл жерде өз көздегені жоқ емес екендігі күмәнді емес пе?  Десе де, Астана қаласының Алматы аудандық №2 сотында сот процесі жалғасуда. Ел ішін дүрліктірген бұл істің бір шешімі болары анық. Дей тұра, әр құқықтық мемлекеттегідей біздің елде де әлеуметтік алауыздықты қоздыру заңмен жазаланатынын ұмытпаған жөн.

Іңкәр Әбен

 

Abai.kz

87 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2042