Білісбеков: Қазақстандағы ең қауіпті ағым - салафилік ағым



Салафизмге мемлекет тарапынан құқықтық тоқтаулар салыну керек дейміз біз. Алайда, бүгінгі салафизм тікелей мемлекеттік құрылымдармен сыбайласып кетті деген сыбыстар жиі айтылады.
Жоғарыда аталған терактілердің артында салафизм бағытын ұстанушылар тұрғанын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтқан болатын. Салафилік немесе уахабилік секілді кейбір радикалды ұйымдарға әлі күнге дейін мемлекет тарапынан тыйым салынбай келеді. Мұның себебі неде?
Араб тілін шала-шарпы білетіндер дінтанушыға айналған заманда қазақы ұлттық құндылықтарымыздың бәрін жоққа шығаруға тырысып «ширк», «серік қосу» тағы бердемелер дейтіндер, технологиялық жетістіктердің өзін ысырып тастап, жұртты орта ғасырлық феодализмге қарай кері бұрып әкету үшін жанұшыратын шолақ дамбалды діншілерге ресми орган тыйым салуға міндетті емес пе? Ендеше неге әлі күнге Заң жоқ?
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Abai.kz