Қазақстанның ірі ұлттық компанияларының 10-20% акциясы жекешелендірілуі мүмкін - Келімбетов
Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ. Қазақстанның ірі ұлттық компанияларының 10-20% акциясы мемлекеттік кәсіпорындар акцияларын көпшілік үшін бастапқы орналастыру бағдарламасының (IPO) шеңберінде жекешелендірілуі мүмкін.
Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов сейсенбі күні жарық көрген «Ведомости» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
ҰӘҚ мемлекеттік кәсіпорындардың алдағы IPO бағдарламасы шеңберінде ұлттық компанияларға қатысу үлесінің қаншалықты бөлігінен айырылуға дайын деген сұраққа жауап бере отырып, «ірі компаниялар 10-нан 20%ға дейін деп ойлаймын», - деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры IPO өзінің бірқатар еншілес компанияларын, оның ішінде «ҚазМұнайГазды» шығарады. ҰӘҚ тиісті ұсынысты 2011-2012 жылдарға дайын болады деп жоспарлап отыр.