Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2163 0 пікір 13 Қазан, 2010 сағат 03:43

Қазақстан қазан айының соңында ТМД ПА шеңберінде ЕҚЫҰ-ға төрағалық бойынша конференция өткізеді

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан қазан айының соңында ТМД  парламентаралық ассамблеясының (ПА) шеңберінде ЕҚЫҰ-ға төрағалығына арналған конференция өткізудіжоспарлап отыр. Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ПА кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротовтың кездесуінде осы тақырып талқыланды.

«М. Кротов 28 қазанда Санкт-Петербургте ПА-ның шараларына дайындық барысы туралы әңгімеледі. Бұл шараның шеңберінде Қазақстан парламенті ассамблеяның хатшылығымен бірлесіп ҚР-дың ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне арналған «ЕҚЫҰ және ТМД: жаңа мүмкіндіктер мен келешек» тақырыбы бойынша халықаралық парламенттік конференция өткізуді жоспарлап отыр», - делінген парламент сенатының баспасөз мәлімдемесінде.

Бұдан басқа, М.Кротов Қырғызстандағы парламенттік сайлау нәтижелері туралы хабардар етті. Оған ТМД Парламентаралық ассамблеясының миссиясы қатысқан болатын.

Өз кезегінде сенат спикері ТМД елдері арасында парламентаралық үнқатысудың дамуына қанағаттанғандық білдірді және «ПА-ның елеулі беделі бар» екенін және ТМД органдарының жүйесінде жетекші орындардың бірін иемденіп отырғанын» атап өтті.

Әңгіме барысында тараптар Федералды Жиналыстағы федерация кеңесінің төрағасы – ТМД ПА Кеңесінің төрағасы С.Мироновтың достастық аясындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Қазақстанға жасайтын сапарының маңыздылығын атап өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443