Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2670 0 пікір 13 Қазан, 2010 сағат 06:27

Қалмырзаев қайтып оралды. Шөкеев пен Мәми де дін аман

Өткен аптада Сарыбай Қалмырзаев жүрек талмасына ұшырапты деген суыт хабарды астанамыз Астанадан, дәлірек айтқанда, Есіл өзенінің сол жағалауынан келді деп, бірқатар ақпарат агенттіктері жарыса жазып еді. Ал, осы аптада президенттің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев мырза кеше, яғни, қазаның 12-сі күні   Алматыдағы «Алматы» сауықтыру орталығының ашылуына қатысып, өзінің аман-есен жер басып жүргенін, тек Германияға барып, кезекті рет жоспарлы дәрігерлік тексеруден өтіп келгенін айтып, алып-қашпа әңгімеге нүкте қойды.

- Мен туралы түрлі ақпараттың таралуы, бәлкім біреуге керек болған шығар. Шамасы, менің есен-сау, президенттің жанында жүргенім барлығына ұнай бермейтін сияқты. Тараз, Шымкентке барғанда президенттің жанында мен ғана болдым, содан біреулердің қызғанышы тасып кеткен шығар. Мен олар үшін жауап бермеймін ғой, - дейді ол.

Орталықтан шықты делінетін тағы бір жаңалық - бірінші вице-прьемер Өмірзақ Шөкеев пен бас прокурор Қайрат Мәми үйқамаққа алыныпты дегенді жеткізді. Кешелі бері бұл ақпараттың жалған екені туралы хабар тарады. Қойшы, әйтеуір, ұлықтардың бәрі де дін аман  сол баяғы қызметтерінде жүргенге ұқсайды.

Бір қызығы, осы тақілеттес ақпараттар кейінгі кезде тым жиілеп кетті. Бәлкім, алақұйынның хабаршысы ма екен?! Әлде билік басындағы алпауыттар уақытша ымыраға келіп жатыр ма екен? Өйткені Астанада алдағы желтоқсан айының алғашқы  күндеріне ЕҚЫҰ- саммитін өткізу белегіленіп қойылған. Үлкен әңгіме сол «үлкен тойдан» кейін болуы да мүмкін. Себебі, біздің томаға тұйық қоғамда «анау анда кетіпті», «мынау мында кетіпті», «құлап қалыпты, сұлап қалыпты» деген сөздер бекерге тарамайды. Бейнелі қазақ тілімен айтқанда: «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды» ғой...

P.S. Жоғарыдағы қаптаған қалың қауесеттен бір сөз аныққа шығып жатыр. Жүрек талмасымен ауруханаға түскен экс-министр Жақсылық Досқалиевті қамауға алу жөніндегі санкцияны мемлекеттік айыптаушы орган толықтай қолдады. Қызмет лауазымын асыра пайдаланды, ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Досқалиев қазір Астанадағы тергеу абақталарының бірінде отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435