Жұма, 27 Желтоқсан 2024
5259 11 пікір 11 Сәуір, 2017 сағат 16:03

Назарбаев: ИМ-ге мүше болғандар Қазақстан азаматтығынан айрылады!

 

Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Мир-24 арнасының тілшісіне сұқбат берген болатын. Сұқбат барысында қазақ мемлекетінің басшысы айтқан ойлар БАҚ-тарда тез тарап жатыр.  Соның бірі Елбасының экстермистік ұйымдарға қатысты білдірген пікірі болды.

«ҚР заңдары бойынша, егер біздің елдің адамы елден кетіп, қандайда бір экстермистік ұйымға мүше болып, содан соң қайтып оралған жағдайда, ол міндетті түрде азаматтықтан айрылады. Бұл мәжбүрлі шара», - деді Назарбаев.

Президент бұндай шараны қолданудың қажеттілігі  қоғамға бейімдеу орталықтарының қызметі нақты нәтиже бере алмай жатқанына байланысты туындап отырғанын ескертті.

«Бірінші кезекте қарапайым адамның содырлар қатарынан табылмауын қамтамасыз ететін шараны қолға алуымыз керек. Біз «Ислам Мемлекеті» сияқты ұйымнан оралғандарды қоғамдық ортаға тарту үшін бейімдеу және ағарту жұмыстарын жасап көрдік, бірақ, ол ісімізден ештеңе өнбеді. Сондықтан оларды енді қайтып үйге кіргізбеудің қамына кірістік», - деді мемлекет басшысы.

«Ислам Мемлекеті» - Қазақстанда іс-әрекетіне тиым салынған діни ұйым. Аталған ұйымның құрамында қазір бұрынғы Советтер Одағына мүше болған елдердің азаматтары да жүр. Олардың саны бес мыңнан асады деген дерек бар.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052