Путин: Біз содырларды азаматтықтан шығармаймыз
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткенде Мир-24 арнасына сұхбат беріп, қоғамдағы ең өзекті деген бірқатар мәселелерге байланысты ойын ортаға салған болатын.
Сұқбат барысында ҚР Президенті ИМ содырларының сапына қосылғандарды Қазақстан азаматтығынан айыру керектігін, бұның өзі мәжбүрлі шара екендігін ескертіп:.
- ҚР заңдары бойынша, егер біздің елдің адамы елден кетіп, қандайда бір экстермистік ұйымға мүше болып, содан соң қайтып оралған жағдайда, ол міндетті түрде азаматтықтан айрылады. Бұл мәжбүрлі шара», - деген-ді.
Назарбаевтың бұл сөзіне Ресей Президенті Владимир Путин де пікір білдіріп отыр.
Кремль қожайыны тілішілермен сұқбатында Қазақстан Президентінің бастамасын қолдағанымен, Ресей паспортын ешкімнен тартып алмайтынын айтқан.
«Сіз Назарбаевтың ИМ-ге қатысы бар азаматтарға байланысты шешімі туралы айттыңыз. РФ Конституциясына сәйкес, біз ешкімді азаматтықтан шығара алмаймыз. Бірақ, біз Ресей паспортын беру барысындағы кейбір шешімдерді алып тастай аламыз. Біз заңгерлермен ақылдаса келіп, алдағы уақытта осындай шешім қабылдауымыз мүмкін», - дейді Владимир Путин.
Сөйтіп, Ресей Президенті өзінің әріптесі көтерген бастаманы толық қолдай алмайтынын жеткізді. ИМ содырларының сапындағы Ресей азаматтарының төлқұжаты төсқалталарында жүре береді. Өйткені олар қанша жерден содыр-сойқан атанса да, Ресей азаматы болып қала бермек. Тек алдағы уақытта Ресей азаматы атануға құлшынып отырғандар үшін тәртіп күшейтілуі мүмкін. Путиннің пікірінен түйгеніміз осы болды.
Путин неге содырларды азаматтықтан айырмайды?
Ашық интернет ресурсындағы ресейлік ФҚҚ (ФСБ) таратқан мәліметтерге сүйенсек, 2015 жылдың соңында ИМ содырларының сапында 2 мыңнан астам Ресей азаматы соғысып жүр. Ал бас-аяғы шет мемлекеттерден жиылған содырлардың саны 30 мыңға жуықтайтын көрінеді.
Биыл ресейлік БАҚ-қа сұхбат берген Владимир Путин Сирияда 1000-нан астам ресейлік соғысып жүргенін айтқан.
2014 және 2016 жылдары Шешенстан азаматтары ИМ қатарына көптеп қосылды. Тіпті ИМ сапындағы ең қауіпті содырлар - шешен азаматтары екендігі де айтылған.
Нұрзат Тоғжан
Abai.kz