Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7772 0 пікір 12 Сәуір, 2017 сағат 11:58

Сенаттағы - «жетімдер» үні

Мұқағалидың әйгілі «Моцарт. Жан азасы» реквиемі бес бөлімнен тұрады емес пе. Соның бесінші бөлімі «Жетімдер үні» деп аталады. Ақынның әруағынан кешірім сұрай отырып, сол бөлімді сенаттағы «жетімдерге» ыңғайлап өзгертіп көрсек. Кейбір жолдары онсызда келіп тұрғасын, өзгертусіз қалдырдық. Бұл енді тұрмыстық пародия болсын.

Біздер -
«Жетімдерміз»,
«Жетімдерміз».
Заманның,
Халықтың да өтіндеміз.
Мына сараң биліктен сауға сұрап,
Халықтың да мазасын кетіргеміз.
Біздер – «жетімдерміз»!
Біздер – «жетімдерміз»!
Доп қылып мемлекетті өтудеміз.
Арамтамақ, маубас деп өкінбеңіз.
Миға сыймас заң үшін жекірмеңіз,
Біздерге жекірмеңіз,
Жекірмеңіз!
Босағасын паналап парламенттің,
Талайлардың басынан секіргеміз.
Себебі, «жетімдерміз»!
Өкінбеңіз, біздерге жекірмеңіз.
Біздер – «жетімдерміз»!!!
Сенатқа келу де егіз, кету де егіз.
Ұйқымен өтуде жаз, өтуде күз.
Жалғанда заң бар жерде – «жетімдер» бар
Мәңгілік отыруға бекінгеміз.
Біздер - жетімдерміз!
Ұрылар да емеспіз, қарылар да!
Қарғыс таңба біздерден арылар ма?!
Айлықты көбейтсек пе деп қоямыз,
Қу дағдарыс бүйірден қарығанда.
Бұл жер өзі арман ғой жаны барға.
Бірақ, мандат бәріне табылар ма?
Үй де тегін тұратын, бәрі тегін,
Қомағай көңіл бірақ жарыған ба?!
Біздер – «жетімдерміз»!
«Жетімдерміз»!
Үндемей-ақ отырып жетілгеміз:
Қарғыс атқыр заңға да қарсы шықпай,
Мазасын қалың елдің кетіргеміз.
Тіршілікте біреуін біреу күндер,
Бізге жат - өлі кімдер,
Тірі кімдер...
Жиылып, парламенттің жетімдері,
Алдында бір кісінің бірігіңдер!

Бейбіт Сарыбай

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475