Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3641 3 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 09:50

"Қуғанда" да жөнімен "қуғаның" дұрыс...

Соғыс туралы фильмдерді көп көремін. Орыстар шетел киноларындағы кейіпкерлерді өздерінің сөйлеу мәнерімен сөйлетіп шығады. Арасында кемшілігі де бар. Мәселен, америкалықтардың екі сөздің арасына қосатын «черт» деген сөзін дәл сол күйі бере салған. Оны да орыстың мақамына салып басқаша келтіруге болатын еді.

Бұндай мысал көп. Қысқасы, орыстарда тәржіма жағы жақсы жолға қойылып, аудармасы жатық шыққанымен, «идеал» деп айтуға келе бермейді. Бірақ бізде сондай киноның біреуі де жоқ. Егер оны аудара қалса, «ғафу етіңіз!», «кешірім өтінем», «заманауи», «тауар», «концерт», «саламатсыз ба» дегені секілді өздері «әдеби» сөз деп қабылдайтын қайдағы бір калькалармен «безендіріп» шыға салады. Киноны күнделікті өмірдегі ауызекі сөйлеу стильінде сөйлетуге машықтанған кадрлар да, мұндай нәрсенің бар екенін білетін білікті мамандар да жоқ секілді. Біздің бүкіл дубляж осындай «ауруға» шалдыққан. Бәрі бір шектеулі шаблонға кіріп алып, киноға да сол «әдеби тілді» тықпалап тынады. Оның өзін жатық қылып аударса бір жөн ғой, кадр сыртынан оқылып тұрған жасанды дауыстары құлаққа түрпідей тиеді екен.

Қарапайым өмірден алған киноны барынша қазіргі өмірге бейімдеп сөйлету керек екенін білмейді ғой, білмейді! Оған академиялық ауыр тілді, «әдеби тіл» деп аталатын әркім өзінше түсініп жүрген «кальканы» қайта-қайта қыстыра береді. Киноны "тілді түзейтін", оны бір арнаға түсіретін идеологиялық фактор ретінде пайдалана білу керек. "Қуғанда" да жөнімен "қуғаның" дұрыс...

Жолымбет Мәкіш

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452