Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жанайқай 4325 7 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 14:17

Әділбек Мұқташұлы: Үстімізден қылмыстық іс қозғалып жатыр

Қазақ шекарасында бар ақшасынан айырылып қалған ананың басындағы хал күрделеніп барады.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы маңындағы Майқапшағай кеден бекетінде жесір әйелдің 59 900 АҚШ долларын түгел сыпырап алған шекарашылардың ісі қоғамда қызу талқылануда.

Қытайдағы үйін сатып, Астанаға көшіп келе жатқан қандастардың ақшасы қайтарылмақ түгілі, Мәуітхан Гүлжанның ұлы Әділбек Мұқташұлының үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр екен.

Біз "шекарада тоналған" Мәуітхан Гүлжанның ұлы Әділбек Мұқташұлына хабарласып, мән-жайды өз аузынан естідік.

"Шекарадан өткенде шешемде - 19,700, бірге туған інісі Мәуітхан Мұқияттың қалтасында - 10,500, менде - 9,900, шешемнің жиені Сайлан Мейрамбектің қалтасында - 9,900, жиен келіні Гүлжанат Солтікеннің қалтасында 9,900 АҚШ долары болған. Бізге шекарада осылай алып өтіңдер деді. Кейін Зайсан ауданындағы экономикалық соттың тергеу қызметкерлері қорқытып, үркітіп, "барлық ақша бір адамдікі дейсіңдер" деді. Егер біз бұл ақшаның барлығы бір адамдікі демесек, 3-5 жылға дейін сотталып кететінімізді қатаң ескертті. Сот кезінде біз соттан әділдік күттік. Бар шынымызды айттық. Бұл біздің Қытайдағы үйімізді сатып, алып келе жатқан ақшамыз екенін айттық. Сонда да судья біздің шекарада айтқандарымыз бен сотта айтқандарымыз сәйкеспейді деп, теріс шешім шығарды. Шешеме 68 мың теңге айыппұл салып, менің 9900 долларымды ғана қайтарып берді. Сол сотта маған және нағашыма қаулы шығарып, сотта жалған айтты деген айып тағып отыр", - дейді Әділбек Мұқташұлы.

Тіпті, Мәуітхан Гүлжанның туған інісі Мәуітхан Мұқиятты елден депортациялауы мүмкін көрінеді. Естуімізше, Мәуітхан Мұқияттың бала-шағасы Қазақстанда қалып, отбасы екіге айрылмақ.

Қандастарымыздың басындағы бұл халге дер кезінде Нұр Отан партиясы мен Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова да назар аударған болатын (сілтемені қараңыз). 

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2055