Латыштан өзгеге Латвияда өріс тарылып барады
Латвия парламентінің ең жас депутаты Янис Домбрава елден латыш еместерді ерікті түрді шығару жайлы мәселе көтеріп отыр.
Латвия парламентінің ең жас депутаты Янис Домбрава елден латыш еместерді ерікті түрді шығару жайлы мәселе көтеріп отыр.
Латвия парламентіндегі ұлтшылдар альянсының өкілі, жиырма екі жастағы депутат Янис Домбрава парламент сайлауы алдында бір орыс мырзасы келіп, Латвиядан қалай кетуге болатынын сұрағанын, өз кезегінде Янис Домбрава елдегі репатрацияға байланысты бағдарламаны көрсеткен кезде әлгі орыс мырзасы оған рахметін жаудырып, жөніне кеткенін айтады. Жас депутат мұнымен шектелмей, «Латвия мемлекетінің тұрмысына көңілі толмайтындар өздерін жақсы сезінетін елдерге кете берсін. Олардың кетуіне көмектесу керек» деп те салған.
Жас депутат дегенде, біздің есімізге Тәңірберді Бердіоңғаровтың оралғаны рас. Біздің жас депутаттан латыш ұлтшылының бойында тасыған қан, тіпті соған ұқсас бірнәрсе болса да шығады дегенге оның сайлаушыларының бірі сене ме?! Біздің «жас қыран» ұлт сөзін парламент мінберінен айтқаны былай тұрсын, туған тіліне келгенде тілі күрмелетінін жалпы жұрт біледі. Айтпақшы, Танирбергеннің парламенттегі қызметін ысырып қойып, «Екі жұлдыз» жобасындағы ұлтаралық татулықтың таразы басын теңестіруге қатысқанын жұрт көрген екен-ау.
Осы орыс баспасөзі де қызық. Басқа елдердегі, оның ішінде бұрынғы Ресейге бодан елдердегі, орыс мәселесіне келгенде бәлен елдің ұлтшылдары деп шығады. Шындығында, Ресейдің өзінде қаншама ұлт өмір сүруде? Ресейде, мәселен, бір миллион қазақ бар. Сол Ресейдегі өзге ұлттардың тағдыры орыс баспасөзін шетелдердегі орыстардың жағдайындай неге алаңдатпайды осы?! О несі екен?
Ал, әлгі Латвияның жас пері депутатының айтқанындай біздің елде де Қазақстанға көңілі толмайтын диаспоралар бар ма, жоқ па? Және бола қалса, олардың өздерін жайлы сезінетін жерге көшуіне латыштар секілді бізде көмектесуіміз қажет пе, жоқ па бұл туралы пікірді оқырманға қалдырдық.
«Абай-ақпарат»