Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2307 0 пікір 21 Қазан, 2010 сағат 04:16

Парламентариилер ҚХА сессиясында ұсынылған ұлт көшбасшысы мәртебесін Конституция арқылы бекіту туралы ұсыныстың заң деңгейінде қолға алынуы мүмкіндігін жоққа шығармайды

Астана. 20 қазан. ҚазТАГ – Бірқатар парламентарийлер ұлт лидері мәртебесін Конституцияда бекіту туралы бастама қайтадан, бірақ енді заң деңгейінде көтерілуі мүмкіндігін жоққа шығармайды. Басқалары президенттің қолдамағаны бұл тақырыпты көтермеуге жеткілікті деп есептейді.

Еске салсақ, сәрсенбі күні Қазақстан халқы ассамблеясының отырысында сенатор Анатолий Башмаков осындай ұсыныспен шығып бірақ оның сөзін президент Нұрсұлтан Назарбаев бөліп жіберіп, «Конституцияға араласудың қажеті жоқ» деді. «Ол (мәртебе – ҚазТАГ) өз бентінше халық арасында не бар, не жоқ», - деді мемлекет басшысы.

Журналистерге берген сұхбатында А. Башмаков жағдайға түсініктеме беріп, «Заң жүзінде «ұлт лидері» мәртебесі бекітілген, бірақ ол конституциялық норма емес, сондықтан мен осы, заң тұрғысынан алғандағы келеңсіздікті алып тастау үшін, осындай ұсыныс енгіздім», - деді.

Ол бұл мәселеде оны басқа депутаттар да қолдайтынын аңғартты.

«Мен қазір аулмасу (президентті – ҚазТАГ) болады дегенді елестете алмаймын, себебі әлемде бәрі де дұрыс деп айтуға болмайды. Мен өз сөзімде айттым: қараңыздаршы, бүгін Еуропа қандай жағдайда тұр, біз қаржылық және экономикалық дағдарыс аяқталды деп әлі кепілдік бере алмаймыз... Бүгіндері өркениеттер қақтығысы туралы Хантингтонтеориясы іске асуы мүмкін... Маған қазіргі президент Қазақстан үшін маңызды сияқты, ал біз ерекше елміз, біз ерекше территориямыз, ол (Назарбаев – ҚазТАГ) ауадай, оттегіндей қажет», - деді А. Башмаков.

Ол сондай-ақ Қазақстан халқы ассамблеясы Конституцияға түзетулер енгізуді ұсынуы мүмкін дейді.

«Мен ұсындым, бірақ бізде Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды институтымыз бар, олар да ұсына алады», - дейді депутат.

Өз кезегінде оның әріптесі, сенатор, Оралбай Әбдікәрімов, ҚазТАГ-қа берген сұхбатында бұл идеяны қайтадан көтерудің қажеттігі жоқ деп мәлім етті. «Сіз естідіңіз, президенттің өзі ондай қажеттік жоқ деп айтты, сонымен бәрі айтылды. Егер ұсыныс қолдау таппаса қандай түсініктеме беру керек? Менің жеке басым бұл мәселеде президентті қолдаймын», - деді О. Әбдікәрімов.

Бұл ретте, мәжілісмен Мұхтар Тыныкеев, депутаттар заң шығарушылар ретінде, осындай ұсыныспен шыға алады дейді. «Мұны дұрыс қабылдаймын, ал неге солай етпеске? (А. Башмаковтың идеясын – ҚазТАГ) ... Қазір ұлт көшбасшысы туралы заң бар, егер ол Конституция арқылы бекітілсе, ол конституциялық нормаға айналады», - деді депутат.

Оның әріптесі Николай Турецкий ғалымдардың зерттеулеріне жүгінді. «Мысалы, академик Сартаев кешекте Конституцияның жекелеген тұстарын өзгеру қажет екендігін айтты. Ол қоғамдық ұйымдарға қатысты, сондай-ақ басқа мәселелерге, оның ішінде бүгін көтерілген мәселеге де қатысты болады», - деді депутат ҚазТАГ-қа берген сұхбатында.

Сенатор Төлеген Мұхамеджанов, өзінің әріптесі А. Башмаковтың ұсынысына қатысты сезімге толы сыр шертті. Оның айтуынша, «Конституция - еліміздің негізгі заңы», ал «біз мамыр айында қабылдағанымыз (ұлт көшбасшысы туралы – ҚазТАГ), бүгіндері заңмен бекітілген, соның өзі құқықтық негіз бола алады». «Бірақ бастысы - ол емес. Ең бастысы - президенттің нағыз ұлт лидері екендігінде, халық сүйіспеншілігі, бүкіл әлемдік қауымдастықтың сый-құрметі – айдан анық факті ғой», - дейді депутат. Ол сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық халықтың көшбасшысы болды және ол оған «бір Отан, біртұтас халық пен қоғамдағы келісушілік барлығының» түсінігін бергенін қосып айтты.

«Президент өте дұрыс айтты (А. Башмаковтың ұсынысына қатысты – ҚазТАГ) деп есептеймін. Заң жүзінде нені болса да бекітуге болады, бірақ ең қымбатысы – мемлекеттің қалыптасуында орасан зор рөль атқаратын, халық мойындаған, көшбасшы мәртебесі», - деді Т. Мұхамеджанов.

Агенттіктің Конституцияға өзгертулер енгізіледі деп күтуге бола ма деп нақтылап қойған сауалына, сенатор: «Мен білмеймін. Мен қазір ненің маңыздырақ екендігі туралы айтып тұрмын», - деп жауап берді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5511