Сейсенбі, 26 Қараша 2024
46 - сөз 6118 1 пікір 24 Сәуір, 2017 сағат 08:58

Әмиян

Əмиян толы ақшам бар екен деп, сырдың суы сирағыңнан келмей, армансыз шашып-төксең, көп кешікпей тауысасың да, екі қолыңды мұрныңа тығып қарап отырасың. Үнемдеп, ақшадан ақша жасап, барын үстемелеген жан ғана қамсыз тірлік кешеді.

Денсаулық та əмияндағы ақша секілді. Жас шақта осы мен бір кезде қартаям-ау деп кім ойлайды дейсің. Алаулаған ақша бетті тың жерге салған соқаның ізіндей арса-арса əжім басып, əруақтай болам-ау, бүкірейіп, бүгіліп, аспанды бұлт бүркеген сайын сай сүйегім сырқырап, отырсам тұра алмай, тұрсам отыра алмай ғәріп күн кешуім мүмкін-ау деген ой қайсыларыңның көкірегіңде қоңырау шалды, айтыңдаршы?

Əне, қараңдар, есі бар елдің алпыстағы шалдары тай-құлындай ойнақтап, жетпістегі кемпірлері Қыз Жібектей сызылып, үлбіреп тұр. Солар анасынан айырықша туылады деймісің? Жастайынан күтінеді. Еңбек пен демалыс тəртібін сақтайды. Сауатты тамақтанады. Шынығады. Шипажайға таяғын сүйретіп, бүгілмей қалған тізесін емдету үшін емес, сондай бейшара күйге түспеу үшін барады. Айтпақшы, шипажай деген дертті емдейтін емес, дерттің алдын алатын орын. Ауырғандар шипажайға емес, ауруханаға барады.

Онсыз да құрыққа сырық жалғап, зорға күн көріп отырғанда шипажайға қайдағы ақша дейтін шығарсың. Денсаулыққа "артылса ғана жұмсаймын" деген ұстаныммен қарасаң, əрине ақша жетпейді.

Қысқасы, балтай-шалтайды білмеймін! Мен болмасам, жер кіндігінен ауып кетеді деген ойдан арылу керек! Əкеңнен қалған жұмыс жоқ! Алда - жаз маусымы. Дер кезінде демалыс алып, "əмияныңды қампайт"! 

Қатты айтсам, айыпқа бұйырмассыңдар! Жеріне жеткізіп, сүйегінен өткізіп айтпасаң, қазаққа "əмиян" деген сөз сіңбейді. Сүрініп жығылғанша сүйегін сүйретіп жүреді де қояды.

Гүлмәрия Барманбекова

Facebook-тегі парақшасынан

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3321
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6040