Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2535 0 пікір 21 Қазан, 2010 сағат 06:49

Депутат Нұртай Сабильянов. Ағайынға қол ұшын беру керек!

20 қазан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы болып өтті. Онда депутат Нұртай Сабильянов Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловқа депутаттық сауал жолдады:

«Маған Қытай мен Монғолиядан келген 29 жас қазақ жігіттері мен қыздарынан, қалалық «Қазақ тілі» қоғамынан төмендегідей мазмұндағы хат келді. Хат иелері: «Сізге осы хатты жазып отырған Қытай және Монғолиядан келген жас қазақ жігіттері мен кыздары. Біз 2010 жылғы тамыз айынан бастап Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дайындық бөліміне оқимыз деп келдік. Осы мақсатты орындау үшін институтқа арнайы өтініш жазып, емтихан тапсырып, Семей мемлекеттік институтының тыңдаушылар қатарына қосыламыз деп үміттендік.

Бірақ, өкінішке орай, Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес біз оқуға Өскемен каласына бөліндік. Сонда жоғарыда отырған ағаларымыз біздің таңдауымызды ескермегендігі ме? Семей каласындағы жоғарғы оку орындарында біздің туған апайларымыз бен ағайларымыз оқиды. Бұл біз сияқты шеттен келген тірі жан танымайтын балаларға көп жеңілдік. Дәл қазір біз Семей мемлекеттік педагогикалык институтының дайындық бөлімінде тәлім-тәрбие алып жатырмыз, осы институттың жатақханасында тұрып жатырмыз. Енді осының бәрін тастап неге Өскенменге кетуіміз керек? ... бізді Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дайындық бөлімінің тыңдаушылар тізіміне енгізу үшін көмек сұраймыз !», - деп жазған.

Осыған байланысты Сізден Қытай мен Монғолиядан келген 29 жас қазақ жігіттері мен қыздарының хатында көрсетілген - олардың Семей мемлекеттік педагогикалык институтының дайындық бөлімінде оқуына мүмкіндік беру мәселесін қарастыруды сұраймын".

Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр

Сәуле Досжанова, т.74-63-01

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1485
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5513