Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
5887 4 пікір 3 Мамыр, 2017 сағат 09:30

Ауғанстанның елшісі кеденшілерге орынсыз әзілдеген

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді Ауғанстанның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Мохаммад Фарук Баракидің "бомба туралы" айтқанын "орынсыз әзіл" деп атады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Бараки 1 мамырда Кабулға ұшу керек болған. Астана әуежайында кеден қызметкерлерінің дипломат қол жүгі туралы сұрағына ол "бомба" деп жауап берген. Сол себепті кеденшілер оны рейске жібермей қойған.

Мұхтар Тілеубердінің журналистерге айтуынша, арнайы қызмет мамандары оның дипломатиялық мәртебесінен бейхабар болған. Дегенмен Тілеуберді ауған дипломатының әзілін "орынсыз" деп сипаттады. Оның айтуынша, түсінбеушілік шешімін тапты, ал дипломатқа еліне оралуға рұқсат берді.

Астана әуежайының баспасөз хатшысы Камила Қасымбекованың айтуынша, дипломат бұл жауабымен "ережені өрескел бұзған", дипломатиялық мәртебесі ғана оны қорғап қалған.

Абай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1277
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2822
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 923
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 868