Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 5905 6 пікір 3 Мамыр, 2017 сағат 09:32

Трамп пен Путин не туралы сөйлесті?

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні телефонмен сөйлесіп, Сириядағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми хабарлама бойынша, Трамп пен Путин "Сириядағы жанжалдың ұзаққа созылып кеткеніне, мүдделі тараптар оны доғаруға бар күшін салу керектігіне" келісті. Ақ үйдің хабарлауынша, президенттердің "әңгімесі жақсы өтті, олар Сирияда бейбітшілік орнату үшін қауіпсіз немесе деэскалация аймақтарын құру мәселесін талқылады".

Хабарларға қарағанда, 3-4 мамырда АҚШ Сирия мәселелері жөніндегі Астанада өтетін келіссөздерге өз өкілін жібереді. Бұған қоса, президенттер жалпы Таяу Шығыста терроризмді түбімен жою үшін бірлесе атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Ақ үй хабарламасы бойынша, президенттер Солтүстің Кореядағы өте қауіпті жағдайды шешу жолдарын да қарастырды.

Кремльдің баспасөз қызметі де Путин мен Трамптың сейсенбідегі телефонмен әңгімесінде Корей түбегіндегі жағдай сөз болғанын хабарлады.

Басқа да халықаралық мәселелерді талқылау кезінде Ресей мен АҚШ-тың халықаралық терроризммен күресін үйлестіріп отыру керектігіне баса мән берілді, делінген Кремль хабарламасында.

Путин мен Трамп телефон арқалы сөйлесіп тұруға келісіп, 7-8 шілдеде Гамбургте "жиырмалық топтың" саммитінде кездесу мүмкіндігін нақтылай түсті, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

Абай-ақпарат

6 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052