Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
4958 0 пікір 11 Мамыр, 2017 сағат 10:23

"ИМ" әскери министрінің үлкен ұлы Душанбеде ұсталды

Тәжікстанның арнайы қызметі "Ислам мемлекеті" ұйымына 2015 жылы қосылған полковниік Гүлмүрод Халимовтың сегіз ұлының ең үлкені Бехруз Халимовты ұстады.

Тәжікстан Бас прокуратурасы қызметкерінің айтуынша, 18 жастағы Бехруз сәуір айында Душанбе әуежайында ұсталған. Халимовтың ұлы Ресей арқылы Сирияға кетпек болған делінеді. Қазір ол тергеу абақтысында отыр.

Бұған дейін оның туыстары жас жігіттің қолға түскенін растаған еді. Бірақ Бехруздың Сирияға барғысы келген деген мәліметті ауылдастары жоққа шығарып отыр. Ауыл тұрғындарының айтуларынша, әкесі Сирияға кетіп қалған соң, үлкен ұлы отбасын асырау үшін Ресейге жұмыс істеуге барғысы келген.

40 жастағы полковник Халимов "Ислам мемлекеті" содырларына қосылу себебін Тәжікстан ІІМ тәртіптеріне көңілі толмайтындығымен, елде мұсылман киіміне тыйым салынғанымен түсіндірді. Экстремистік ұйымға қосылған ол "ИМ" әскери министрі қызметін атқарған.

Тәжікстан Бас прокуратурасы оған қатысты қылмыстық іс қозғады. АҚШ Халимовтың туралы мәлімет үшін 3 млн доллар сыйақы тағайындады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048