Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2138 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 07:05

Үкімет 2011-ші жылға «Ақ бұлақ» бағдарламасын қаржыландыруды Т10,5 млрд-қа ұлғайтып, Т70,5 млрд-қа дейін жеткізді

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. Қазақстан үкіметі 2011-ші жылға «Ақ бұлақ» бағдарламасын қаржыландыруды Т60 млрд-тан Т70,5 млрд-қа дейін ұлғайтты, деп қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

«Бағдарламаны жасау кезінде жыл сайын барлық мемлекеттік органдарда бағдарламаны қаржыландыру 60 млрд теңгеден кем болмауы керек деген шешім қабылданған болатын, бірақ парламент мәжілісінде бюджет жобасын талқылау барысында, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, бұл сома 2011-шы жылға 70,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды», - деді Б. Жәмішев бейсенбі күні үкіметтегі селекторлық кеңес түріндегі отырысында.

«Оның ішінде ауыл шаруашылық министрлігі бойынша үш жылға 125 млрд сомада қаржыландыру қарастырылған, оның 35,2 млрд теңгесі 2011-ші жылға бөлінген. Құрылыс істері мен ТКШ агенттігі бойынша қосымша бөлінген қаражатты есептегенде, үш жылдық мерзімге бөлінетін сома 40,3 млрд теңгені құрайды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі бойынша іздестіру-барлау жұмыстарына және ауылды жерлердегі елді мекендер, шағын қалалар мен басқа да елді мекендерді ортақ су құбырларымен қамтамасыз етуге 15,1 млрд теңге бөлінген», - деп түсіндірді министр.

АШМ басшысы Ақылбек Күрішбаевтың мәліметтерінше, «ауылды жерлерді  бағдарлама бойынша («Ақ бұлақ» - ҚазТАГ) сумен қамтамасыз етуге барлығы 450 млрд теңге жұмсау жоспарлануда, оның ішінде республикалық бюджеттен 300 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 150 млрд теңге қосымша қаржыландырылады».

АШМ бағалауынша, бағдарламаны іске асыру нәтижесінде, 4 млн-нан астам халық тұратын 3 мыңнан астам елді мекенді сумен қамтамасыз ету жақсаратын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407