Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2633 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 07:28

ҚР үкіметі алдағы бес жылға мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу жұмыстарын аяқтады – Мәсімов

Астана. 28 қазан. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР үкіметі алдағы бес жылға арналған мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу жұмысын аяқтады, деп мәлім етті премьер-министр Кәрім Мәсімов.

«Жалпы айтсақ, бүгін біз мемлекет басшысының тапсырмасымен жыл басында қолға алған негізгі бағдарламалар бойынша жұмысты аяқтап қалдық», - деді К. Мәсімов бейсенбі күні үкімет отырысында.

«Мемлекет басшысының жолдауынан бергі алғашқы бағдарлама Қазақстанның 2020 жылға дейінгі дамуы жөніндегі бағдарламасы болды, оған мемлекет басшысы 1 ақпанда қол қойды, индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қызу жүзеге асырылып жатыр, біз қабылдаған бірқатар бағдарламалар (салалық - ҚазТАГ) машина жасауды, электр энергетикасын дамытуға байланысты», - деп еске салды премьер.

Оның айтуынша білімді, денсаулық сақтауды және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі үш мемлекеттік бағдарлама президент әкімшілігіне мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

«Біз өткен жылдары жүзеге асырған басқа бағдарламаларға қарағанда бұлардың бюджетіміздің жобаларымен, қаржымен байланыстырылғаны қуантады. Яғни, бұл жай тілектер емес, республикалық және жергілікті бюджеттерден нақты қаржымен қамтамасыз етілген нақты бағдарламалар», - деп атап өтті үкімет басшысы.

Ол «біз кейін қаржыландыра алмаған мақсаттарды жиі қоятынбыз, осының салдарынан нәтижеге қол жеткізе алмайтынбыз» деп атап өтті.

«Бұл бағдарламалардың бәрінде...айтқанымыздың бәрін жүзеге асырамыз», - деп сендірді К. Мәсімов.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4935
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4130