Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2444 0 пікір 29 Қазан, 2010 сағат 07:09

Ажалына асыққандар...

Құқықтық есеп жөніндегі комитеттің дерегіне сенсек, биылғы жылдың тоғыз айында 2359(!) адам өзіне-өзі қол салып, жарық дүниеге хош айтыпты.  Алла ажалын адам қолынан жазған жандардың саны да осы жылдың тоғыз ай көлемінде 1025-ке жеткен. Жалпы, өз өмірін өзі қиған жандардың мөлшері жыл санап өсіп келеді.

Ал, билік өз азаматтарының қыршын өмірлеріне қол салуына араша түсе алмай отыр. Тек есебін жасап, тізімін хаттап, кеңселік жұмыспен ғана шектелуде. Ел ішінде аты жаман дерттің неге етек алғанын анықтау, оған араша түсуге талпынысты жұрт биліктің бойынан байқай алмай келеді. Бірақ, сол жамнадықты жасырмай жария қылғанына да «тәубе!» Ескі әдетіне басып, кереметтен көз аштырмаса қайтер едік?!

Неге билік дерсіз? Күні кеше айдың, күннің аманында, тетелестерінің тепкісіне шыдамаған екі жасөспірім Тұздыбастауда өздеріне қол салды. Он екі де бір гүлі ашылмай о дүниеге аттанды. Ал, сол екеуі оқыған мектеп білім және ғылым министрлігіне бағынышты. Бұл билік емей не?! Алдын алмаған соң, болары болып бояуы сіңгенде артынан алашапқын болғаны биліктің біліксіздігі емей не?! Ата заңда жазылғандай мемлекеттің басты байлығы адам және оның өмірі болатын болса, қазақ билігі азаматтарымыздың басын жұтып жатқан дерттің себебін анықтап, адам өміріне араша түсудің амалдарын мықтап қарастырғаны жөн.

Десе де, таяқтың бір ұшы өзімізге де келіп тиетіні рас. Қоғамдағы адами қатынастардың күрделеніп, қатыгезденіп бара жатуы және түрлі оқиғалардың адам жанын азапқа салуы, жаны қысылғанда жан баласынан мейірім мен түсіністік таппауы да аты жаман дерттің дендеуіне жол ашып отырғаны бүгінгі күннің шындығы болып тұр. Амал не...

Әлде тоғыз айда ажалын өз қолынан тауып, жан тапсырып жанталасқан 2359 пенденің бәрі сана сырқатына шалынғандар және оның бәрі тұрмыстың тауқіметінен таусылып өз өмірін қиналмай қиғандар ма?

Мейірлен, Адам!

«Абай ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385