Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Бетбұрыс 5637 19 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 17:37

Украинада про-кремльдік БАҚ бұғатталды. Бізде ше?

Украина Президенті Петр Порошенко жарлық шығарып, ресейлік компаниялар мен әлеуметтік желілерді жапты.

Айта кетейік, бұл Украина Қауіпсіздік қызметінің ұсынысы бойынша жүзеге асырылып отыр.

(Украина Президенті Петр Порошенко)

Украина санкциясына іліккен ресейлік әлемжелілердің ішінде «Яндекс», «Мейл.ру» және «ВКонтакте» мен «Одноклассники» бар.

Бұдан бөлек, Порошенконың жарлығы бойынша бірқатар ресейлік жеке және заңды тұлғаларға Украина аумағында кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынды. Дәлірек айтсақ, санкция тізімінде 1228 жеке және 498 заңды тұлға бар.

Прокремльдік дезинформатциялық саясатты ұстанатын орыс арналары да Укарина аумағында ақпарат таратуды тоқтататын болды. Әсіресе, санкцияға іліккен арналар тізімінде орыстың ОРТ, РЕН, ТНТ, Звезда, НТВ-Плюс, ВГТРК, РБК, ТВ Центр телекомпаниялары бар.

Интернеттегі ашық дереккөздеріне сүйенсек, қазіргі таңда Украинада «ВКонтекте» желісін 27 миллион, «Одноклассники»  желісін 11 миллион  адам қолданады екен.

Сөйтіп, Украина Президенті Петр Порошенко пәрмен беріп, ресейлік ақпарат көздеріне бұғау салды. Бізде ше?

Қазір Қазақстанның ақпарат кеңістігінде ресейлік арналар мен әлеуметтік желілер емін-еркін қызмет етуде. Әсіресе, прокремльдік саясатты ұстанатын саржағал сайттар мен телеарналар Путин пропогандасын орындап отырғанын біз бірнеше мәрте жаздық. Мысалы, өткен жылғы Жер дауы кезінде Ресейдің «бірінші» арнасы (Еуразия арнасы) бейбіт елді бүлікші ретінде көрсетті. Митингке шыққан Қазақстан халқын «АҚШ-тан ақша» алды деп айыптады.

Басқасы басқа «Еуразия» телеарнасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты сюжеттерде «ҚР Президенті» деп жазбайды. «Еуразия» телеарнасының алаңдатарлық жағдай жасап, бүйректен сирақ шығарып отыруы бірінші рет емес.

Ал ресейлік әлеуметтік желілердің қазақ балаларын бұзып жатқаны туралы «Abai.kz» ақпараттық порталында айтып,  дүркін-дүркін дабыл қақтық. Қазақстанда кеңінен таралған «ВКонтакте» желісі ашық порнографиялық бейнежазбаларды насихаттайтыны өтірік емес. Біз бұл туралы да сан мәрте жаздық. Құлақ асқан құзырлы орган кәне?

Ресейдің ақпарат құралдарына сұраныс мәселесіне тоқтала кетсек, биылғы жылғы деректер бойынша үш тілге үйір Қазақстанда халықтың (18 миллионның төңірегі) 82%-ы қазақ тілінде сөйлейді. Бұл деген қазақ тілі доминат тіл дәрежесіне жетті деген сөз. Егер қазақ тілі доминат тіл болса, орыс тіліне сұраныс жоғалды не болмаса жоғалады деген сөз емес пе? Ендеше орыс тілінде ақпарат тарататын ресейлік ақпарат құралдарына да сұраныс болмауы керек-тін.

Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, күні кеше ғана орыс ақпарат құралдарын бұғаттаған Украинаның 17,28%-ы орыс ұлтының өкілдері. Шамамен 9 миллионға жуық. Ал орыс тіліне сұраныс 2928%-ды құрайды.  Украинада өткен Еуромайданға дейін жергілікті халықтың 83%-ы орыс тілін екінші ана тілі санап келгені де нақты дерек.

Ал Қазақстанда орыс диаспорасы жергілікті халықтың 20,61%-ын құрайды екен. Бұл 3,5 миллион орыс ұлтының өкілі деген сөз.

Түйін. Қазақстанның ішіне іріткі салып, дезинормациялық саясат жүргізетін ресейлік және шетелдік арналарға тыйым салыну керек!

Ілияс Ақбай

Abai.kz

 

19 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2050