Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3015 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:00

Абдолла Диқанбаев – қазақтан шыққан барлаушы

Бiрiншi үзiлiс: Бейбiт өмiр майданы
Олар төртеу едi. Төртеуi де майданға аттанды. Нұрғали, Абдолла, Ғайса, Мұқаш... Төртеуi де майдан даласынан оралмады. Отан үшiн от кешiп опат болды. Именiп жүрiп көрген игiлiктен, қарсыласып жүрiп көрген қорлықты (Бауыржан Момышұлы) жөн көрдi. Мұқаш Фин соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол өз еркiмен майданға сұранып, 1941 жылдың күзiнде Мәскеу түбiнде ерлiкпен қаза тапты. Арада бiр жыл өткенде оның үлкен ағасы Нұрғали да Мәскеу түбiнде дүниеден өттi. Ғайса соғыс алдында малдәрiгерлiк техникумында оқыды. Елдi дүрлiктiрген екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанда ол да өз еркiмен майдан даласына аттанып, қанды қырғынның алғашқы күндерiнде Белоруссия орманында iз-түзсiз жоғалып кеттi. Сол кеткеннен әлi хабар жоқ.

Бiрiншi үзiлiс: Бейбiт өмiр майданы
Олар төртеу едi. Төртеуi де майданға аттанды. Нұрғали, Абдолла, Ғайса, Мұқаш... Төртеуi де майдан даласынан оралмады. Отан үшiн от кешiп опат болды. Именiп жүрiп көрген игiлiктен, қарсыласып жүрiп көрген қорлықты (Бауыржан Момышұлы) жөн көрдi. Мұқаш Фин соғысына қатысты. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол өз еркiмен майданға сұранып, 1941 жылдың күзiнде Мәскеу түбiнде ерлiкпен қаза тапты. Арада бiр жыл өткенде оның үлкен ағасы Нұрғали да Мәскеу түбiнде дүниеден өттi. Ғайса соғыс алдында малдәрiгерлiк техникумында оқыды. Елдi дүрлiктiрген екiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанда ол да өз еркiмен майдан даласына аттанып, қанды қырғынның алғашқы күндерiнде Белоруссия орманында iз-түзсiз жоғалып кеттi. Сол кеткеннен әлi хабар жоқ.
Төрт ағайындының iшiнде Абдолла Диқанбаевтың есiмi мен ерлiгi, батылдығы көпке аян. Абдолла Диқанбаевтар әулетiндегi Нұрғалидан кейiн дүниеге келген ұл. Ол екi iнiсi мен бiр ағасы майдан даласында қаза тапқан соң 1942 жылы жүрек қалауымен соғысқа аттанды. Дивизия басқарды. Алдымен батырдың өмiрбаянына қысқаша тоқталып өтсек. Абдолла Оразбайұлы Диқанбаев 1904 жылы дүниеге келдi. 1928 жылы Қостанай облысындағы Мемлекеттiк саяси басқарма орталығына (МСБО) жедел уәкiл болып қызметке қабылданды. Бұл қызметiнде жүрiп ол аумақты жедел қамтамасыз ету бағытындағы қарсы барлау жұмыстарын шебер ұйымдастыра бiлдi. Абдолла Диқанбаевтың ұйымдастырушылық қабiлетi мен бiлiктiлiгiн ескерген басшылық оны Қостанайдағы аудандық бөлiмнiң бастығы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстiк Қазақстан облыстарындағы аудандық бөлiмдердiң бастығы қызметтерiне тағайындады. 1930-1931 жылдары Абдолла Диқанбаев Қарақұмда Абулғафаровтар бандылық тобына қарсы күрес жүргiздi. Осы ерлiгi үшiн оны IIХК алқасы атаулы қарумен марапаттады. Абдолла Оразбайұлы шебер ұйымдастырушы ғана емес, шебер барлаушы қабiлетiне ие болған тұлға. Кәсiби барлаушы. Қазiргi тiлмен айтқанда, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң қызметкерi. Ол көбiнесе жауапты, салмақты жедел қызметтердi атқарды. Қандай жұмыс iстесе де жанын бердi. Жемiстi еңбек еттi. Содан да болар, 1939 жылдың наурызында оны IIХК Гурьев облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары қызметiне тағайындады.  Бұл уақыттарда бiлiктi басшы облыс пен қаланың қоғамдық-саяси өмiрiне белсене араласты. Партияның қалалық комитетiнiң мүшесi, Гурьев қалалық кеңесiнiң депутаты болды. Батырдың үлкен ұлы Мараттың айтуына қарағанда, Абдолла Диқанбаев соғыстың алдында Шымкентте Жұмабай Шаяхметовпен бiрге қызмет iстеген. Екеуi де өз уақытында шебер ұйымдастырушылық қабiлетiмен танылған соң басшылық Жұмабай Шаяхметовты Алматы облысына, Абдолла Диқанбаевты Гурьев облысына жауапты қызметтерге тағайындайды. Бiлiктi басшы Жұмабай Шаяхметов жолдасы Абдолла майданға аттанған соң оның отбасына қолұшын созып, көмектесiп отырған.  
Екiншi үзiлiс: Майдан даласында....
Абдолла Диқанбаев 1942 жылы майдан даласына аттанды. Бiлгiр барлаушы ол жерде 10-гвардиялық механикаландырылған бригаданың Ерекше бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды. Соғыс жағдайында жеке құрамды қарсы барлау әрекетiне ұйымдастыру бойынша көптеген жұмыстар жүргiздi. Абдолла Диқанбаев басқарған бөлiм «Смерш» деген атауға ие болды. «Смерш» сөзi фашистердi жою, қыру деген мағынаны бiлдiредi. Шынында да Абдолла Диқанбаев жетекшiлiк еткен «Смерш» уақытында фашистердiң «Абвер» барлау орталығына қарсы қарымды тойтарыс жасаған бөлiмдердiң бiрi. Бұл жерде ең алдымен бiлiктi қолбасшы Абдолла Диқанбаевтың еңбегi айтқан орынды. Бiр нәрсе анық: Абдолла Диқанбаев – соғыс кезiндегi қазақтан шыққан алғашқы барлаушылардың бiрi. Соғыс уақытында, әсiресе майданның бастапқы кезiнде гвардия майоры шенiмен дизизия басқарған қазақ болған жоқ. Сондықтан Абдолла Диқанбаевты елiмiздiң тұңғыш кәсiби барлаушысы деп танығанымыз ләзiм. Гвардия майоры Абдолла Диқанбаев 1943 жылы Дондағы Ростов үшiн болған шайқаста тапсырылған арнаулы мiндетiн орындау үстiнде ерлiкпен қаза тапты. Батырға туған-туыстарынан майдан даласына хаттар жиi келiп тұрған. Алайда 1943 жылы сағынышын арқалап елден жеткен осындай хаттардың бiрiн Абдолла оқи алмады. Оқитын едi. Жауап жазатын едi. Тағдыр бұл хатты оқуды батырдың маңдайына жазбапты. Өзгелер жазды. Бұл хат Абдолла Диқанбаев басқарған 10-гвардиялық механикаландырылған бригаданың Ерекше бөлiм бастығының орынбасары Мельниковтың қолына түстi. Мельников былай деп жауап жазды: «Бүгiн мен адал жарыңыз бен әкеңiзге жазған хатыңызды алдым. Хатыңызды оқығанда жан-жүрегiм елжiредi. Өкiнiшке қарай, мен сiздерге жауап жазғанның орнына қайғылы хабар айтқалы отырмын. Бұл менiң жауынгерлiк парызым. 23-қаңтар күнi сағат 18-де Дондағы Ростов қаласын азат ету жолындағы шайқас кезiнде сiздiң жарыңыз, әкеңiз, бiздiң бастығымыз ерлiкпен қаза тапты». 
Гвардия майоры Абдолла Диқанбаевтың Дондағы Ростов қаласын қорғау үшiн болған шайқаста ерлiкпен қаза тапқанын жоғарыда айттық. Бүгiнде Қызыл Ростов облысындағы бауырластар зиратында Ростов қаласын азат ету жолындағы шайқаста шейiт болған төрт мыңнан аса жауынгер жерленген. Кейiннен бұл жауынгерлерге арнап ескерткiш орнатылды. Ескерткiште ерекше ерлiк көрсеткен жауангерлердiң тiзiмi жазылған. Тiзiмде бiрiншi болып 10-гвардиялық механикаландырылған бригаданың Ерекше бөлiмiнiң бастығы, гвардия майоры Абдолла Диқанбаевтың есiмi тұр. «Ер есiмiн елi ұмытпайды» демекшi, кезiнде Абдолла Диқанбаев қызмет iстеген елiмiздiң әр аймағындағы орындарда батырға арналған естелiк-бұрыштар бар. Бұл, әрине, көңiлге қуаныш ұялатады.    
Абдолла Диқанбаев соғысқа аттанғанда соңында бес баласы қалды. Абдолланың жары Мереке қиындыққа мойымай, ауырлыққа қайыспай бес баланы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай бағып-қақты. Өсiрдi. Оқу оқытты. Бастапқыда Қостанайда тұрған Абдолланың отбасы кейiннен Қостанайға көш түзедi. Бүгiндерi Абдолла Диқанбаевтың үлкен ұлы Марат Алматыда. Зейнеткерлiк жаста. Батырдың артында немере-шөберлерi өсiп келедi.

 

Азамат ҚАСЫМ, «Алматы Ақшамы», №55-56 (3838), 2007 жыл, 8 мамыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377