Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 6431 13 пікір 19 Мамыр, 2017 сағат 11:00

Әбдрайымов әртістерді жылу жинауға шақырды

«Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов актер Тұңғышбай Жаманқұловты қолдады. Әнші жылу жинап, Жаманқұловты соттан арашалап алуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

Өнердегі ағасы үшін “шырылдаған” Бағлан бұл ойымен желідегі парақшасында бөлісті.

“Я, Алла! Ақты – ақ, қараны – қара, деп ажыратып берші! Адамдар неге пенде екенін ұмытып, түзу бола қалады? Кім қателеспей жатыр? Кім жемей жатыр? Өмір бойы өнерге шын қызмет етіп, жетпіске таяғанда (69 миллион) тағдырын талқан етпекші ме? Жазғыштарым-ай, жазыңдар енді…

Біреудің купальнигі мен табысын санап, бірінің байын, бірінің қатынын санап, белден төмен өсек жазып. Шынын жазыңдар! Ел ағасы жайлы жазыңдар, ақиқат іздеңдер, сенсация жасаңдар! Ашығын xалық білсін! Расында кінәлі болса, 69 миллион доллар емес қой, теңге. Өнерді бағалайтын қалталы азаматтар болса, көбірек шығарсын, қалғаны шамасына қарасын. Расында қарыз болса алсын. Теріс болса Қияметте есеп қыларсыздар.

Елдігің қайда, бірлігің қайда? Ағаның шәкірттері қайдасыздар? Ес білер жауапты біреуіңіз қолға алыңыз. Есепшот ашыңыз! Қарап қалмаңыздар! “Ақ жүніс” журналын немесе интернеттен тауып оқыңыздар. Тақырып түсінікті болу ушін. Елбасы мен әділ сотқа ғана үмітті, аға! Сот әділетсіз болса ше? Ақталуына ат салысып, 70 жылдық тойын атап өтейік! Алла сол күнді нәсіп етсін!” – деп жазды Бағлан.

Желідегілердің басым бөлігі әншінің пікірін қостап отыр.

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2058