Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3429 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:08

ҚАЙ ДАҚЫЛДЫ ҚАЛАДЫҢ, ДИҚАН ҚАУЫМ?

Облыстық ауыл шаруашылы- ғы басқармасының бастығы Қанат Ыдырысовтың айтуынша, биыл дәндi дақыл былтырғыдан 28 мың гектарға артық егiлген. Астықты алқап 220 мың гектардан асады. Оның 153,8 мың гектарына күздiк, қалғанына жаздық бидай егiлген. Бәйдiбек, Түлкiбас, Қазығұрт, Сайрам және Төлеби аудандарының диқанда-ры тәлiмi жердегi егiннiң әр гектарынан орта есеппен 15-18 центнерден дән бастыруды көздеп отыр. Ал, суармалы алқаптың қайтарымы мұнан да жоғары болуы тиiс. Жалпы,  облыс бойынша кемiнде 340-350 мың тонна аралығында дән бастырылады деген болжам бар.

Жердiң құнарлылығын арттырып, ауыспалы егiс жүйесiн сақтау мақсатында мақтаның көлемi жылдағыдан 3,7 мың гектарға кемiтiлiп, аумағы 136,4 мың гектарды құрады. Ал, қысқарған танаптарға дәндiк және малазығындық дақылдар егiлiп, өсiрiлуде.

Майлы дақылдарға да басымдық берiлiп, биыл өткен жылдағыдан 22,6 мың гектарға артық орналастырылды. Жалпы көлемi 97,5 мың гектарды құрады. Атап айтқанда, егiстiктiң 87,4 мың гектары - мақсары, 10,1 мың гектары күнбағыс болып тұр.

Облыс диқандары 25,8 мың гектарға көкөнiс өсiруде. Бұл өткен жылғыдан 300 гектарға көп деген сөз. Ал, ерте пiсетiн көкөнiс 8,6 мың гектарды алып жатыр. Оңтүстiк өңiрi солтүстiк облыстарға ерте пiсетiн қырыққабат, қияр, қызанақ, басқа да көкөнiс түрлерiн алдымен жөнелтудi дәстүрге айналдырған. Үстiмiздегi жылы да бұл үрдiс жалғасуда.

Бақша дақылдарының да көлемi ұлғайған. 2009 жылы 25,7 мың гектар жерден өнiм жиналса, биыл ол 36 мың гектарға көбейдi. Облыс бойынша 1317 гектарға жемiс-жидек, 1094 гектарға жүзiм егiлдi. Жалпы, жемiс-жидек 16900 гектарды, жүзiмдiк 8200 гектарды құрайды.

Жемiс, көкөнiс және бақша өнiмдерiнiң молшылығын жасаудың бiрден-бiр төте жолы - озық технологияны өндiрiске кеңiнен енгiзу. Соның бiрi - тамшылатып суару тәсiлi. 2009 жылы облыс бойынша 2136 гектар алқап осындай тиiмдi әдiске көшiрiлсе, биыл 10 мың гектарға жоспарланған болатын. Қазiргi таңда 3 мың гектарында бұл тәжiрибе нақты жүзеге асты.

Соңғы жылдары жылыжайларды салу кеңiнен қанат жайып келедi. 2008 жылы 90 гектарда ғана жылыжай болса, өткен жылы бұл көрсеткiш 134 гектарға ұлғайды. Биылғы бес айдың өзiнде тағы 34 гектар қосылып, облыс бойынша барлығы 168 гектар жерде көкөнiс өсiрiлiп жатыр. Жыл соңына дейiн оның көлемiн 180 гектарға жеткiзу көзделiп отыр.

Әрине, көкөнiс пен бақша өнiмдерiн бүлдiрмей, таза әрi сапалы күйiнде тұтынушыларға жеткiзудiң маңызы зор. Осы мақсатта облыс әкiмi А.Мырзахметовтiң бастамасымен жер-жерде көкөнiс сақтайтын қоймалары салынуда. Күнi бүгiнге дейiн жалпы сыйымдылығы 15 мың тоннадан асатын қоймалар салынып, iске қосылды. Жыл соңына дейiн бұл көрсеткiштi 35 мың тоннаға ұлғайту жоспарланып отыр. Аудандарда құрылған сервистiк дайындау орталықтары бұл күндерi шаруалардың қолын ұзартуда. Олар диқандар өсiрген өнiмдердi тиiмдi бағамен сатуға септiгiн тигiзедi.

Үкiмет тарапынан берiлетiн мемлекеттiк қолдау диқандарға үлкен демеу болып тұр. Биыл барлық бағдарламалар бойынша республикалық бюджеттен 7,6 млрд. теңге қаржы бөлiндi. Оның 2 млрд. теңгесi облыс егiншiлерiне тек субсидия ретiнде төлендi.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279