Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 4909 0 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 12:58

Алашорда тарихы туралы үштомдық жинақтың таныстырылымы өтті

Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Алашорда үкіметі мен  Алаш автономиясының 100 жылдығына орай  «Ел-Шежіре» қоғамдық қоры шығарған ғалым-жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық құжаттар жинағы мен Болат Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомының  таныстырылымы өтті.

Жинақтар «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен жарық көріп отыр. Іс шараға қоғам қайраткерлері, отандық ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысты. Олардың арасында тарих ғылымдарының докторы, Стамбул қаласындағы Мимар Синан көркем университетінің  профессоры Абдуахап Қара, журналист, «Алашорда» фотоальбомын құрастырушы Болат Мүрсәлім, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас бар.

Кездесудің модераторы «Алашорда» үштомдық жинағының авторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Жұртбай да болды.  «Алаш» идеясы – мен үшін мәңгілік идея болып саналады. Ол қазақ халқының құндылықтарын өн бойына сақтаған идея болғандықтан, мен соның аясында тәрбиелендім. Біз «Самұрық-Қазына» Қорына және оның басшысы Өмірзақ Шөкеев мырзаға жинақты жарыққа шығаруға қаржылай қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіреміз», – деді Т.Жұртбай.

Т.Жұртбайдың «Движение Алаш» атты 3 томдық жинағы мұрағаттағы құпия құжаттар мен сот материалдары негізінде құрастырылған. Автор бұл деректі шығарылымды дайындауға көп еңбек жұмсады. Онда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің мұрағат материалдары негізіне анықталған 1927-1932 және 1937-1938 жылдардағы «Алаш» партиясы және «Алашорда» үкіметі  қайраткерлерінің тергеу ісі туралы жазылған.

Б.Мүрсәлімнің «Алашорда» фотоальбомына сирек тарихи суреттер жинақталған, Алаш арыстарының өмірі мен қызметі фотодеректер арқылы көрсетілген. «Движение Алаш» жинағы мен «Алашорда» фотоальбомы оқырмандар мен зиялы қауым өкілдері тарапынан үлкен сұранысқа ие болады деп күтілуде.

«Біз осы жобаны іске асыруға атсалысқанымызға қуаныштымыз. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры «Алаш» қозғалысының мұрасын жинақтап, оны кейінгі ұрпаққа аманаттауды өзінің басты міндеттеріннің бірі санайды. Бұл жинақтарда жарияланған материалдардың тарихшыларға, зерттеушілерге, студенттерге мол пайдасы тиері сөзсіз», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының ресми өкілі Лима Диас.

Кездесудің қатысушылары атап өткендей, «Движение Алаш» кітабы мен «Алашорда» фотоальбомы алдағы уақытта ХХ ғасырдағы қазақ тарихының сенімді дереккөзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407