ҚАЗЫНА ҚАЙНАРЫ ҚАРЖЫ ЕКЕН
Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Б.Оспанов «Максимум» қаржыландырған бiрқатар шаруашылық субъектiлерiнде болып, олардың жұмысымен танысып қайтты. Ауылдағы мал баққан ағайындар үшiн жүннiң кәдеге жаратылатыны жағымды жаңалық болып тұр. «Шымкент жүндi алғашқы өңдеу комбинаты» ЖШС-i өз жұмысын бастапты.
Серiктестiк өткен жылдың қарашасынан аймақтық инвестициялық орталықпен бiрлесiп әрекет жасауда. 100 млн. теңге несие қаржы алған кәсiпорын бүгiнде аяғынан қаз тұрып келедi. Жылына 2500-3000 тонна жүн жуа алады. Жүн тарайтын 24 станок жұмыс iстеп тұр. Тағы осындай 50 жабдық сатып алынып, жаңа технологиялық жүйе орнатылмақ. Шағанбек Қанжарбайұлы басшылық ететiн серiктестiкте казiр 50 жұмысшы еңбек етедi. Тазартылған жүнге Ресейден және Қытайдан сұраныс түскен. Сондықтан облыстағы шаруашылықтардан келген өнiмдер дайындалып жатыр. Атап айтқанда, қара қой жүнiнiң келiсi сапасына қарай 15-50 теңге, биязы жүн 150-200, түйенiкi - 250, ешкiнiкi 500 теңгеден бағаланады екен.

Берiк Серiкұлы сондай-ақ, Сайрам ауданының Жаңаталап ауылдық округiне қарасты Саяжай елдiмекенiндегi «Сайрам ет-сүт кешенi» ЖШС-iнде болды. Сауын фермасын құрып, сүт өндiрiсiн жолға қоюға мақсат еткен бұл ұжым бастапқы траншпен бөлiнген 15 млн. теңгеге мал сатып алып, жаңа қоражай салған. Жалпы, жобаның құны 65 млн. теңгенi құрайды. Қазiр мұнда 136 қара мал бағылуда. Кәсiпорын толық iске қосылса, осы ауылдан жұмысқа 80 адам тартылады.
0,75 гектарға жылыжай құрылысын салған Қызылжар елдi мекенiндегi Олжабай Әбдiрайымовтың тәжiрибесi де қызығарлықтай. Күнi бүгiнге дейiн 80 тонна қызанақ жиналыпты. Терiм одан әрi жалғасуда. Қосымша тағы 40 тоннадай өнiм болады деп күтiлуде. Көкөнiстi өткiзуде проблема жоқ. Кәсiпкердiң айтуынша, қызанақтың әр келiсiн 150 теңгеден көтересiне алып кетуде. Шаруаға ұқыпты азамат жылыжай кешенiн одан әрi кеңейтудi көздеп отыр.
Шымкент қаласының 4 шағынауданында «Арайлым» жекеменшiк балабақшасының ашылғанына да көп болған жоқ. Қазiр мұнда 30-ға жуық бүлдiршiн тәрбиеленуде. Кәсiпкер Ақмарал Сыздықованың айтуынша, қалада және Ордабасы ауданында мектепке дейiнгi балалар орталықтары жұмыс iстейдi. Олардың балабақша ашу ниетiн «Максимум» АИО қолдап, 10 млн. теңге қаржы бөлген. Нәтижесi көрiнiп тұр.
«Максимумның» мол мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдаланып отырған осындай мекемелердiң тәжiрибесi әрiптестерiне үлгi боларлық.
Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ