Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 32295 10 пікір 25 Мамыр, 2017 сағат 09:17

1897 жылы өзбек 1 миллион 690 мың, қазақ 4 миллион 84 мың адам болған

31 мамыр – Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандары күні. ХХ ғасырда қазақ халқының жартысына жуығын қырып салған 1917-20-жылдар мен әйгілі 30-шы жылдардағы қолдан ұйымдастырылған алапат ашаршылық пен 37 жылғы қанды қырғын – саяси репрессия бағасы әлі толыққанды берілген жоқ. Украина Жоғарғы Радасы елді қырғынға ұшыратқан ашаршылықты Голодомор деп жариялап, украин халқына жасалған геноцид деп тапты.

Украина соты И.Сталиннен бастап, бұрынғы КСРО басшылары мен Украин Кеңестік Социалистік Республикасы жетекшілерін де осы алапат қылмысты жасаған қылмыскерлер деп үкім шығарды.

1930-1933 жылдар аралығындағы ашаршылықта кейбір тарихшыларымыздың есебі бойынша 4 миллионға жуық адам қырылған. Алматыдағы үлкен жиында қанды қырғынның авторларының бірі Голощекин «біз керемет жетістікке қол жеткіздік» деп баяндама жасап, оған барлық коммунистер ду қол шапалақтап жатқанда, көшеде бірінің үстіне бірі үйіліп аштан өліп жатқан мәйіттердің иісі ашық терезеден ішке еніп тұрғанын айтады куәгер қайраткерлеріміз.

1897 жылы өткен Ресейдегі халық санағының ресми статистикасына қарасақ, өзбек ұлты 1 миллион 690 мың, тәжік ұлты 350 мың адамды құрапты. Сол уақытта қазақтың саны 4 миллион 84 мың адам болған екен. 100 жыл аралығында өзбек ұлты 25 миллионға жетсе, осы күндері Еліміздегі қазақ ұлтының саны 11 миллионға әрең жетті. Міне, ашаршылықтың орны толмас алапат зардабын осыдан-ақ білуге болады.

1937-1938 жылдардағы саяси репрессияда 100 мыңнан аса адам жазықсыз халық жауы атанды.

Жас ұрпақты Алаш идеясымен кең ауқымда және жүйелі түрде таныстырып, оны отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында Алаш қозғалысына қатысты архив құжаттарын, бірінші кезекте 1928-1932 жылдарға тиесілі ғасыр құжаты аталған «Алаш ісі» сот процестері материалдарын көп томдық түрінде жариялау ісі қолға алыну керектігі айтылған болатын. Сонымен қатар осы «Алаш ісі» сот процесімен тікелей байланысы бар келесі мәселе - ол ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарында жүргізілген саяси репрессия материалдары. Қазақстан тарихында ұлттық саяси басқарушы топқа және шығармашылықтағы зиялыларға байланысты жүргізілген жаппай репрессиялау шараларының себеп-салдары іргелі зерттеу тұрғысынан әлі де болса жан-жақты толық ашылмаған күйінде қалып келе жатыр.

Қазақ халқының жартысына жуығын жалмап кеткен қолдан жасалған Ашаршылық пен Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш- мемориалдық кешен тұрғызу – жастарымызға өткеннен сабақ беріп, отаншылдыққа тәрбиелейтін тарихи мәні зор саяси оқиға болып табылады. Ендеше бұған Президент жарлығына сәйкес жыл сайын 31 – мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған іс-шаралар әзірлеп өткізу тапсырылған, оған Үкіметіміз терең мән беріп, баса назар аударуы керек.

Түпнұсқадағы тақырып: "Қуғын-сүргіннің себеп-салдары құпия болып қалып жатыр"

Abai.kz ақпараттық порталы, 2013 жыл

 

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1453
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5257