Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
«Соқыр» Фемида 7150 4 пікір 6 Маусым, 2017 сағат 11:02

Ардагерлерге көмек деп мұғалімнен ақша жинау заңды

10 тамыз күні Abai.kz ақпараттық порталы "Ардагерге көмек деп мұғалімнен ақша жинау заңды ма?" атты Айман Сағидуллаеваның мақаласын жариялаған еді. Сол материалда айтылған мәселелерге Қарасай ауданы әкімдігі ресми жауап берді.

Қарасай ауданының әкімдігі, Жаңатұрмыс орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Сағидуллаеваның  «Аbai.kz» сайтында  шыққан хатына байланысты төмендегіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай, «Қарасай аудандық мәслихаты «Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай, аудандық мәслихат депутаттарының аудан тұрғындарына Үндеуі туралы» 2017 жылдың 2 наурызында №12-6 шешімі қабылданды. Шешімде Қарасай аудандық мәслихаты депутаттарының Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 72 жылдығына орай аудан тұрғындарын бір күндік еңбекақыларын арнайы ашылған есеп шотқа («Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарасай аудандық филиалының қоғамдық бірлестігінің шотына) аударуға шақыру туралы Үндеуі қабылданды. Үндеудің мәтіні 2017 жылдың 10 наурызындағы аудандық «Заман Жаршысы» газетінің №10 басылымында жарияланды.

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ-і Қазақстан Республикасының соғыс, еңбек ардагерлерінің басқа да санаттағы барлық зейнеткерлерінің қоғамдық бірлестігі нысанындағы коммерциялық емес ұйымы болып табылады. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің жоғары атқарушы органы съезд болып табылады. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің және Орталық ревизиялық комиссиясының есептерін тыңдау, олардың жұмыстарын бағалау съездің құзіретіне жатады.

Аталған  мәселе бойынша барлық білім беру ұйымдарында педагогикалық ұжымы жиналыстары өткізіліп, бұл шара ерікті түрде жүргізіліп жатқандығы туралы түсіндірілді. Нәтижесінде мұғалімдер бір күндік жалақыны ардагерлер ұйымының есеп-шотына аударатындығы туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім туралы хаттамалар мен мұғалімдердің қол қойылған ведомоствалары барлық білім беру ұйымдарында жинақталған.  Әкімдік немесе білім бөлімі тарапынан  ешқандай мәжбүрлеу болмағандығын жеткізеді.

Сол себептен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-нің Қарасай аудандық филиалының қоғамдық бірлестігінің қорына бір күндік еңбекақыларын жинау туралы үндеу шығаруға және жиналған қаржының есебін беру аудан әкімінің құзырына жатпайды.

А.Назарбаева

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048