АҚШ жетекшілік ететін коалиция Сириядағы Асад жақтастарын шабуылдады
АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция Ат-Танф елді мекеніндегі Сирия жақтастарына әуе соққысын жасады. Бұл жөнінде коалицияның ресми сайты хабарлады.
Әуе соққы екі артиллериялық қондырғыны, бір әуе шабуылына қарсы қаруды және танкті жойған. Шабуылдың алдында америкалық әскер бірнеше рет ескерту жасаған.
АҚШ қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде, Сирия президенті Башар Асад жақтастарының шығыстағы Ат-Танф елді мекенінің деэскалация аймағына енгенін хабарлайды. Онда америкалық әскер қарулы оппозицияны "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы күреске дайындап жатыр.
Бұл соңғы аптада Башар Асадты қолдайтын күшке қарсы жасалған екінші соққы. Мамыр айының аяғында коалиция ұшақтары Иорданияға қарай бет алған Асад әскерін шабуылдады. Пентагон мәліметіне қарағанда, олар рұқст сұрамастан қауіпсіз аймаққа еніп кеткен.
Абай-ақпарат