Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 10769 5 пікір 8 Маусым, 2017 сағат 11:25

Айман Заңды белінен басып жүрген директорды жеңді

Заң бәрімізге ортақ. Дегенмен сол заңды белінен басып жүрген мектеп директорлары қаншама.

«Abai.kz» ақпараттық порталында Қарасай ауданы мұғалімдерінен соғыс ардагерлеріне арнап сәуір айының жалақысынан ақша ұстап қалғандығы туралы Айман Сағидулланың мақаласы жарық көрген болатын. Мақала жарық көргеннен кейін Айман Сағидулла  мектебінде түсініксіз жағдайлар орын алғанын айтып отыр.

Айман Сағидулла, ұстаз:

– Сол мақаладан соң Жаңатұрмыс мектебіне аяқ асты аудан әкімінің орынбасары  келіп, директордың орынбасарларына жиын ашыпты. Жиында қандай мәселе қаралғанын білмеймін. Жиыннан соң директордың 3  орынбасары да, неше түрлі желеумен тәртіптік шаралар алыпты (Тәртіптік шара туралы бұйрықтар мектеп құжаттарында тіркелген).  Соңғы кезде мектепте түсініксіз жағдайлар орын ала бастады.  Мен бұл уақыттарда курста жүр едім.

8-мамыр бүкіл Қазақстан демалған күн. Бірақ мектеп директоры Қасымова Нағима Төлеубайқызы 8-мамыр демалыс күн болғандықтан, сол күнгі сабақтарды 10-мамыр күнге және 11-мамыр күнге қойып, мектеп оқушыларын таңғы 8.00-ден  кешкі 5.30-ға дейін мектепте ұстапты. Түскі асқа 45 минут қана уақыт беріпті.  Балалар үйлеріне барып тамақ ішуге де үлгермейді. Балалар үшін қалай қиын болғанын топшылай беріңіз. Бала темір емес қой.  Бұл туралы облыстық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы С.Досматоваға арнайы хат жолдадым. 26-мамыр күні мектепке тексеру келді. Менің риза болғаным , мұғалімдер тек қана шындықты айтты. Жасырып – жабу болған жоқ. Бүгін маған облыстық білімді бақылау департаментінен мына жауап хат келді. Әркім өз ісіне жауап беруі керек, – дейді мұғалімдер құқығы үшін күресіп жүрген ұстаз Айман Сағидулла.

2016-2017 оқу жылының басында Қасымова Нағима Төлеубайқызы Қырғауылды орта мектебінде директорлық қызмет атқарған. Осы жылдың наурыз айында Жаңатұрмыс мектебіне ауысып, директор болып келген. Қырғауылды мектебінде директор болып тұрғанында, оқу жылының басында ғана 30 мұғалімді сабақтарынан босатып, орын толтыру үшін аудан әкімі өткізген іс-шараға жіберген. Бұл жағдай да бақылау департаментінің тексеруімен дәлелденіп, 15 айлық есептік көрсеткіш, яғни 31815 теңге айыппұл төлеген екен.

Бір жылда екі рет заңсыздығы дәлелденіп, жазаланған директор қалай білім ордасының басшысы бола алады?

Құқығыңыз тапталып жатса, білімді бақылау департаментіне хат жолдаңыз. Тек қана хат жолдағаныңызды ешкімге жарияламаңыз, тексеруге кедергі келтіруіңіз мүмкін.

Мейіржан Темірбек

Abai.kz

 

 

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407