Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
4869 4 пікір 8 Маусым, 2017 сағат 12:53

Трамп Катар әмірімен сөйлесіп, дағдарысты шешуге көмек ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп Катар әмірі Тамим бин Хамад әл-Танимен телефон арқылы сөйлесіп, Парсы елдеріндегі дағдарысқа көмектесуге дайын екенін білдірген.

Ол сонымен бірге Катарды исламшылдардың қаржыландыру көзін жабуға жұмыс істеуге шақырды.

Таяуда Трамп твиттерге Катарды оқшаулау "терроризмді жоюдың басы" деп жазған болатын. Бірақ соған қарамастан АҚШ қорғаныс министрлігі Пентагонның Катармен қарым-қатынасы үзілмейді деп мәлімдеді. Мекеме Трамптың жазғанына түсініктеме бермеді.

5 маусымда Египет, Сауд Арабия, Біріккен Араб Әмірлігі, Бахрейн және Ливия Катармен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді. Араб лидерлерінің мәлімдеуінше, Доха Иранға және радикалды исламшылдарға көмек көрсетіп отыр. Катар болса, бұл айыптауларды мойындамайды.

Абай-ақпарат

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 977
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2502
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 679
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 652