Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
6259 0 пікір 8 Маусым, 2017 сағат 16:45

Астанада ШЫҰ саммиті басталды

Астанада бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдері басшыларының саммиті ашылады. Қазақстан билігі негізгі шаралары 9 маусымға белгіленген бұл саммитті "тарихи оқиға" деп атады.

Саммитте ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістан ұйымның толыққанды мүше болып қосылады деп жоспарланған. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде Астана декларациясына қол қою жоспарланып отыр.

ШЫҰ құрамында қазір Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан бар. 7 маусымда Астанаға ШЫҰ-ның жоғарғы органы - Мемлекет басшыларының кеңесіне қатысуға Қытай президенті Си Цзиньпин келді, бүгін Ресей президенті Владимир Путин келмек.

Екі президент те Астанадағы халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына қатысады деп күтіліп отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 983
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2516
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 687
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 658