Сенбі, 23 Қараша 2024
Дін 5733 20 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 04:15

Иман киімі – жұмаққа кіретін денені сақтайды

Адам Атаны жаратқаннан кейін Жаратқан Ием, Адам Атаға: «Сен осы киімді киіп жүр» деп айтты. «Енді саған ұқсас сенен туғандар да осы дінді ұстанғандар да сол киімді киіп жүрсін» – деп ескертті. Осы жерде терең ойланайық. Иман киімінің дінге қандай қатысы бар?  Оның адамға не пайдасы бар?

Еркек те, әйелде ұятты жерін жауып ұстау мәселесі Жәннатқа баратындарға тән қасиет.  Алла Тағала берген, денені күнге күйдіріп алмас үшін, суыққа үсіріп алмас үшін, кір дүниені жақпас үшін, бірдеңе оқыс кіріп кетпес үшің, жамандыққа тозып кетпес үшін, берген дүниені дұрыс пайдалану үшін оны жауып тұратын дүние беріліпті. Киім. Ол – иман киімі. Өйткені мұның біріншіден маңызды мәселесі –  Жәннатқа келетін денені сақтайтын киім.

Жәннатқа келетін денені сақтайтын киімді Алла Тағала «иман киімі» деп айтқан екен, ондай болса сенің сол киіммен ұятты жерлерің жабық тұрса, сенің Жәннатқа кіруіңе мүмкіндік туады деген сөз.

Ал енді осы арада сұрақ туады. «Ештеңені істемей, ештеңені жасамай, тек қана иман киімімен Жәннатқа баруға бола ма?»

Иман киімі адамның бойындағы ар ұятты оятады. Ар ұятың оянғанда сен алдымен Алладан ұяласың. Ештеңе орындамасаң да қорқасың. Ештеңенің рәсімін орындамай жүріп-ақ, Алланы мойындайсың. Иман киімі құдіретімен сенің бойыңдағы қасиетіңді күшейтіп, Алланы тани бастайсың.

Ол киімді кім берді, Алла берді. Себебі ол кімге ұнайды? Аллаға. Ондай болса соны киген адамды кім сақтайды, Алла сақтайды. Тіпті ол ештеңені орындамай жатса да... Дене өзінен өзі ұялады. Қарапайым ба? Ондай болса Жәннатқа баратын жолдың өзі де қарапайым, сол жолға бастап кірудің өзі де қарпайым.

Оқып білім алып ілімді болғаннан да, иман киімін кию қиындау. Шариғатты да, тарихатты жатқа білуден де, Құранды жаттаудан да қиын ол. Бірақ өте қарапайым. Иман киімін киіп алу шынымен-ақ әр адамға басқа дүниеге қарағанда қиындау тиеді.

Шешініп жүрген әйел затына «сен оны  ки» десең ол ұялады. Ұяла ма? Ұялады. Ол шашын көрсеткісі келеді. Дене мүшесін, сұлу белін көрсеткісі келеді. Ұятты жерінің бәрін көрсеткісі келеді. Ол кезде ұялмайды, қысылмайды. Ал «иман киімін киіп жүр» десең «сөлпілдеп жүремін бе?» деп ретсіз ұялады.  Бармайды, бара алмайды. Бірақ ол адам онсыз да отырып саған дұғасын оқып беріп, Құранын оқып, уақытша орамалын байлап, құдайы тамағын бергенге дайын тұрады. Бірақ киіміңді ол кимейді. Дінге қатысты кейбір дүниені жасайды. Мешітке де барады,  киімін киіп намаз оқып кете алады. Бірақ иман киімі ең бірінші Жәннатқа жол сол екенін қабылдамайды.

Ең бірінші Жәннаттқа жол қыз балаға да, ер адамға да осы – Иман киімі. Алла Тағала сол себепті де «мен саған неше түрлі киім беремін» дейді. Себебі неде, өйткені ол киімді киюде қиындық туады. Алланың алдында ұялу қасиетін көтеретін киімді кию – жай киімге қарағанда қиындау. Ал бірақ киіп алу, киіп Жәннатқа бару оңай. Себебі біз Жәннаттан келгенбіз.

Иман киімін, зорлап кигізуге болады, Алланың құдіретімен иман оянады. Дұрыс па? Зорлап кигізуге болады, себебі ол ренжігенмен ішінен ұяты туылады. Оның бірден бір себебі біз Жәннаттан шыққанбыз. Адам баласы Жәннатта туылған деген сөз. Одан кейінгісі оны шештіруге болмайды, оған сенің құдіретің жетпейді. Шештіргеніңмен де сен оның күнәсін арқалап аласың.

Иман киімін киіп діни жолға түсуге бола ма?  Болады. Себебі Алла оны іштен туғызады. Оған Құдайдың ғана құдіреті жетеді. Иман киімді киіп жүріп-ақ ойлану қабілетің түзеліп, ақырын-ақырын  дініңді қайтадан қабыл аласың.

Адамдардың ойлап тапқан діні – Құдайдікі емес. Ол – сайтандікі. Құдайдың діні біреу. Таза жол – Ислам. Сол себепті де Жаратқан Ием халықтың арасында қарсы келетіндер болатынын біліп соларды орындамағандарға арнап дозақ дайындады. Тозаққа түспеу үшін де иман киімін киюге міндеттіміз.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ

Abai.kz

 

 

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435