Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Ақордадағы кездесу 5472 1 пікір 14 Маусым, 2017 сағат 11:06

Президент Назарбаев Гүржістан Президентін қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесті. Бұл туралы  Ақорда баспасөзі хабарлады.

Президент Назарбаев Грузия Президентінің сапары айтулы оқиғаларға - елдеріміз арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына және "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінің ашылуына тұспа тұс келіп отырғанын атап өтті.

"Сіздің осы сапарыңызға және Грузияның көрмеге қатысқанына дән ризамыз. Біздің қарым-қатынастарымыз әркезде де жақсы болды. Елдеріміз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бір-біріне жан-жақты көмек көрсеті. Қазақстан Грузия экономикасының негізгі инвесторларының біріне айналды. Екіжақты қатынастарды одан әрі жақсартуға ешқандай да кедергі жоқ. Бұл тұрғыда Сіздің сапарыңыздың маңызы зор", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Грузия Президенті еліміздің даму қарқынына қызығушылық танытып, Қазақстанға келуге көптен ықыласты болғанын айтты.

"Сіздің және халқыңыздың қиындыққа толы осы жылдарда ауқымды жұмыс атқарғандарыңызды қазір өз көзіммен көріп отырмын. Грузин халқы Сіздің еліңіз бен жеке өзіңіз тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылық білдіреді және оны бағалай біледі. Грузияның "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысуы аса маңызды деп санаймын. Біз онда өз экономикамыздың жетістіктерін көрсетіп, дәстүрлі тату көршілік байланыстарымызды жалғастыра аламыз, - деді Маргвелашвили.

Сондай-ақ Грузия Президенті экономикалар ынтымақтастығының тұжырымдамасына өз елінің белсене қатысып, халықтар арасындағы диалогты дамытуға жағдай жасап отырғанын атап өтті.

"Сіздің осы бағытта орасан зор жұмыс атқарып жүргеніңізді білемін. Біздің елдеріміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бері дәл осы бағытта дамып келеді", - деді Маргвелашвили. Соңында Грузия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұзақ жылдардан бергі қолдауы үшін зор алғыс білдіріп, Астанадан алған әсерлері жөнінде айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522