Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4194 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 03:48

Нұргүл САДЫҚ. Әуезовтің хаттары табылды

«Барша қауымнан сүйінші сұрағандай болып отырмын! Әкем Мұхтар Әуезовтің бес хаты табылды. М.Әуезовтің рухани жазба мұрасы - шексіз мұхит. Енді мұхтартану ғылымы алға өрлейді», - дейді Мұрат Әуезов.

Алпыс жылдан кейін жазушының өз қолымен ұлына арнап жазған хаттары перзентінің қолына тиді. Әке хаттарын қолына алған Мұрат Әуезовтің толғанысын айтып жеткізу мүмкін емес. Мұрат Мұхтарұлы сиясы сол қалпында сақталған әке хат­тарын парақтап, толғана әрі қуана оқыды. Әлем­ге танылған ұлы жазушы Мұхтар Омархан­ұлы­ның хаттарын Мұрат Әуезовке Семей қала­сының тұрғыны Балташ Ерсәлімов табыс етті. Балташ ақсақал Абай­дың жиені болып келеді. Қазір­де «Абай» қорының президенті қызметін ат­қарып жүр. Балташ Ерсәлім жеке қорында 30 жыл бойы сақтап келген жазушы хаттарын табыс ету үшін Мұрат Әуезовті Семей қала­сы­на арнайы ша­қыртыпты. Мұрат Әуезов қуанышты ха­барды ести сала Семейге жеткен. Бес хаттың төр­теуі 50-жыл­дары ол кездегі бала Мұратқа арнап жа­зыл­­ған. Қолжазбаның біреуі 45-жылдары Әуезовтің Мәс­­кеуде жүріп, жары Фатимаға жазғаны. Жазу­шы онда өзінің аман-саулығын айтып, отба­сының жағ­да­йын сұрастырыпты.

Мұхтар Әуезовтің қолжазбалары кезінде Бөр­ліде жазушы мұражайы ашыларда Әуезов отба­сы­нан арнайы алынған екен. Сол кездері Абай ау­данының бірінші хатшысы қызметін атқарған Хафиз Матаев хаттың үшеуін Бөрлідегі жазушы мұражайында қал­дырып, қалғанын Семейдегі өлкетану мұражайына тап­сырған. Балташ Ерсә­лім­нің айтуынша, өлкетану мұра­жайының қыз­меткерлері Мұхаңнан қалған сол құн­дылық­тар­дың бірсыпырасын іріктеп қойып, қал­ғ­ан жәдігер­ді елеусіз қалдырған.

Ескерусіз хаттар 1980 жылы өлкетану мұражайына директор болып тағайындал­ған Балташ Ерсәлімнің қолына түседі. Сол уақыттан бері Балташ ақсақал кейінгі ұрпаққа бір керегі болар деп, жазушы хаттарын өз үйінде үкілеп сақтап келген.

Балтабек ЕРСӘЛІМОВ, «Абай» қорының президенті:

- Бүгін бір сәті түскен күн. Бірнеше жыл сақтап келген хаттарды өз қолымнан ұрпағына тапсырып отырмын. Бүгінгі күн - мен үшін керемет бақытты күндерімнің бірі.

Мұрат Әуезовтің қолында осыған дейін де бұл хаттардың көшірмелері бол­ған. Бірақ түпнұсқаларының көп жылдар табылмауы Мұрат Мұхтарұлын мазалап жүрсе керек.

Мұрат ӘУЕЗОВ, мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Ұзақ жылдардан кейін әке хаттарының қолыма жеткеніне шексіз қуаныштымын. Өзім Семейге қанаттанып келдім. Міне, Балташ ағамыздың қолынан хатты алып отырмын. Әке хатын оқып бір толғанамын, ал бұлардың ғылымға берері көп екені сөзсіз. Әуезовтанушы ғалымдарға мәні үлкен дер едім. Оған күмәнім жоқ. Әкемнің өз қолымен жазған сөздеріне, әріптеріне қарап, қатты толғанып отырмын. «Айналайын, Мұратым» деп жазған хаттары мені біраз жасқа келсем де қатты толғандырды. Міне, бірден бес хаты қолыма тиіп отыр. Бұл ізденіс жолындағы жақсы бастама болады. Сүйінші сұрағандай болып отырмын. Мұхтар Әуезовтің әрбір жазған сөзі - үлкен олжа. Бүгінгі таңда Әуезовтің 50 томдық академиялық жинағы жазылып жатыр. Бұл хаттар міндетті түрде сол жинақтан орын табатын болады. М.Әуезовтің рухани жазба мұрасы - шексіз мұхит. Мұхтартану ғылымы енді алға өрлейді. Оның өмірі туралы жаңа мәліметтер осы хаттар арқылы жарыққа шығады деп ойлаймын.

Хаттардан бөлек Балташ ақсақал Мұрат Әуезовке өзге де естеліктердің бір бумасын табыс етті. Оның ішінде 1940-1945-жыл­да­ры жазушы жайлы жарық көрген мақа­ла­лар мен латын тіліндегі «Екпін» газеті, бірқатар фотосуреттердің көшірмелері бар. Мұрат Әуезовтің айтуынша, табылған хаттардың барлығы Алматы қаласындағы Мұхтар Әуезов мұражайының төрінен орын алатын болады.

Раушан МҰҚАЖАНОВА, филология ғылымының кандидаты, әуезовтанушы:

- Халқымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің өз қолымен жазған түпнұсқа хаттарының бірнеше жылдан кейін жарыққа шығуы, сонымен қатар осы уақытқа дейін сақталуы біз үшін, әуезовтанушы ғалымдар үшін таптырмас қазына, үлкен олжа дегім келеді. Осы уақытқа дейін «Әуезовтің ғылыми өмірбаяны жазылған жоқ» деп айтып жүрміз. Бұл ұлы жазушының шығармашылығын, өмірін, бүкіл ғұмыр жолын тың деректермен толықтыруға өзіндік үлесін қосары сөзсіз. Келешек ұрпақ үшін де, аспиранттар мен магистранттар, зерттеушілер үшін де құнды дерек, тың дүние. Ең бастысы, жазушының ғылыми өмірбаянын қалыптастырудағы орны ерекше болатынына сенімім мол.

Нұргүл САДЫҚ, Семей

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570