Сенбі, 23 Қараша 2024
4498 1 пікір 19 Маусым, 2017 сағат 10:15

EXPO-2017 көрмесіне жалған билет сату фактісі тексеріліп жатыр

Астанадағы EXPO-2017 халықаралық көрмесіне жалған билеттер сату жағдайына байланысты тексеру басталды. Ұлттық пошта операторының баспасөз хатшысы Сәуле Мақашованың айтуынша, мұндай билеттер Шымкент қаласында ғана сатылған.

— Билеттердің өзі емес, олардың көшірмелері сатылған. Мұндай жағдай Шымкент қаласында ғана болды, — деді ол.

"Астана ЭКСПО" компаниясы мен Астананың ішкі істер департаменті тергеу бастады. Жалған билеттер саудасы туралы алғашқы ақпарат бірнеше күн бұрын пайда болды, деді Мұқашева. Оның айтуынша, жалған билеттерге "Қазпошта" штемпелі басылған.

"Қазпошта" мәліметіне қарағанда, қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысындағы байланыс бөлімшелерінен 8 800 билет сатылған. Пошта операторы мәліметі бойынша, жалған билеттер Шымкент әкімшілігі мен қалалық білім басқармасында таратылған.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417