Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 04:04

Маңғыстау облысының КБД Түркменстанмен және Өзбекстанмен шекарада екі бірыңғай бақылау-өткізу бекетін ашады

Ақтау. 2 қараша. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті (КБД) Түркменстанмен және Өзбекстанмен шекарада екі бірыңғай бақылау-өткізу бекетін (БӨБ) ашады. Бұл туралы аймақтық КБД-нің баспасөз қызметі сейсенбі күні хабарлады.

БӨБ-тер Бейнеу ауданында қазақ-өзбек шекарасында «Тәжен» автоөткелінде және Қарақиян ауданында қазақ-түркмен шекарасында «Темір-баба» автоөткелінде ашылады.

Бірыңғай БӨБ-тер Кеден одағының қызметі шеңберінде құрылады, деп хабарлайды баспасөз қызметі. БӨБ ғимараттарында шекарада жұмыс істейтін барлық мемлекеттік қызметтер орналасады, соның ішінде кеден, шекара, ветеринарлық және т.б. қызметтер.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының КБД құрылымында 8 кеден бекеті бар. Сондай-ақ, мұнда Ақтау теңіз айлағының аумағында АЭА жұмыс істейді.

2010 жылдың 10 айында Маңғыстау облысының сыртқы сауда айналымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артып, $9 млрд құрады. Жыл басынан бері аймаққа $2,55 млрд соманың тауарлары мен көлік құралдары импортталған. Облыстан өнім экспорты $6,5 млрд құрады.Үстіміздегі жылдың басынан бері кедендік төлемдер мен салық түсімдері 78,9%-ға артып, Т60 млрд құрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572