Сейсенбі, 8 Қазан 2024
Билік 4128 0 пікір 22 Маусым, 2017 сағат 10:19

Алматы облысының оқушылары футбол турнирында жеңімпаз атанды

«Coca-Cola Былғары доп»  турнирі  елімізде 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дүбірлі дода  өскелең ұрпақты спортқа баулып, талантты жас футболшыларды іріктеуге бағытталған республикалық шара. Биыл турнирге еліміздің әр өңірлерінен(11 облыс, Алматы қаласы) жеңімпаз командалар қатысып, І орынды Алматы облысы Текелі қаласының  №8 орта мектебінің оқушылары  қанжығасына байлады.  Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық білім басқармасының бұқаралық спорт бөлімінің жетекшісі Нұрлан Ерболатұлы мәлімдеді.

Жарыс 2017 жылдың 10-18 маусым аралығында, Шымкент қаласында өтті. Оған Алматы облысының атынан Текелі қаласының  №8 орта мектебінің 2004-2005 жылғы жас жеткіншектері қатысты. Жалпы биылғы «Coca-Cola Былғары доп» жарысы 2002-2003 және 2006-2007 жылы туған оқушылар арасында болатыны айтылды.

«Біз бұл жарысқа үлкен дайындықпен бардық. Күнде стадионға барып, балалармен жаттығатынбыз. Осы үшін үлкен тер төгіп, еңбегіміз толықтай ақталды. Басқа қалаға бара жатқандықтан көп қобалжулар болды, бірақ бізді Шымкент қаласы өте жақсы қарсы алды. Сондықтан барлығына алғысым шексіз», - деді «Сұңқар» командасының капитаны Құрмантай Арсен.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубоктармен және медальдармен марапатталды.

А.Оралбекова

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Абай-ақпарат

 

 

 

0 пікір