Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
EXPO - 2017 8272 0 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 13:40

ЭКСПО-2017. Астанадағы Сфера. Париждегі Эйфел.

ЭКСПО-дан кейін көз тартарлық конструкциялар әлем туристері ағылатын орталыққа айналып жататыны тарихта бар.

Мысалы, Париждегі Эйфел мұнарасы төрткүл дүниенің туристер ең көп келетін орталықтарының бірі. Бұл мұнара ЭКСПО-ға арнап салынған екен.

Астанада ЭКСПО үшін салынған әлемдегі ең алып шар тәріздес ғимарат Париждің Эйфел мұнарасының жетістігін қайталай ала ма? Астана сферасы жаңа ғасырдың архитектуралық символына айнала ма?  

Тарих көрсеткендей, кез келген бастама, жаңалық,  құрылыс өзінің  бастапқы кезінде қоғамның қызу талқысына, сынына ұшырайды. Ол сонысымен де, қызығушылықты одан сайын арттыра түседі. Магнит секілді тартады,адамдарды. Оны барлығы көргісі келеді. Ол туралы шындыққа жанасатын, жанаспайтын гу-гу әңгімелер де айтылады, тарайды. Олай емес деңізші...

Архитектуралық символ – кез келген қаланың төлқұжаты іспеттес. Дүние жұрты назарына ұсынылатын негізгі нысан болады. Баламасы жоқ бұндай ғимараттар кейінірек елдің экономикасына түсім әкелетін, инфрақұрылым мен туризмді дамытуға үлкен сеп болатын, сонысымен халықтың өмір сүру деңгейін көтеретін негізгі факторға айналады.

Эйфел мұнарасы өз кезінде мәдени, рухани қарама-қайшылықтарға қарамастан, бүгінде Франция мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналған. Рас, қазір Париж десе бірден Эйфел еске түседі. Ол 19 ғасыр соңындағы техникалық жетістік еді.

Эйфелдің құрылысына 7,8 миллион франк жұмсалған екен. Ал көрме кезінде 2 миллионға жуық турист тамашалаған.  2006 жылы Париждің басты ғимаратына 6 719 200 турист келіпті. Тұрғызылған уақытынан 2007 жылға дейін 236 445 812 шетелдік турист тіркеліпті.

Эйфел мұнарасы әлемдік деңгейдегі өнер туындысы. Дәл осы секілді ЭКСПО көрмесіне арнайы Астанада салынған шар тәріздес шыны ғимаратта әлемдік архитектуралық туынды екені даусыз.

Қазірдің өзінде көлемі жағынан дүние жүзінде теңдесі жоқ. Яғни, әлемдегі ең алып шыныдан салынған сфера – Астанада. Биіктігі – 100 метр, ені 80 метр.

Архитектуралық туындының авторы – кіші Алберт Шпеердің айтуынша, шар тәріздес ғимарат жер бетіндегі ең соңғы тамшы мұнайдың белгісі екен. Астана ЭКСПО көрмесінің негізгі тақырыбы – болашақтың энергиясы екенін ескерсек, актуалдылығы жоғары екені тағы даусыз.

Айта кетейік, Астана ЭКСПО көрмесінің бас ғимараты – көрме аяқталған соң да туристер үшін жұмыс істейтін болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ғимаратта болашақ энергиясына арналған Музей орналаспақ. Онда ең соңғы ғылыми жетістіктер орналасатын болады.

Павильонда сегіз қабат бар. Бірінші қабатта Қазақстанның ұлттық орталығы орналасса, ең соңғы қабатта Астана қаласының макеті қойылмақ.

Сонымен қатар, көрме аяқталысымен, ЭКСПО территориясында қаржы орталығы бойы көтермек.

-Болашақта көрме комплексінің барлық нысандарын бос қалдырмаймыз. Ғимараттардың жарты бөлігі кеңселерге беріледі.  Сондай-ақ, «Астана» қаржы орталығы құрылады, - дейді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов.

-ЭКСПО-2017-нің басты нысаны 80 метрлік шар ғимараттың дүниежүзілік танымалдылыққа ие болуы – жергілікті билікке байланысты. Қазіргі эффект – нағыз өнер туындысы, - дейді павильондар бойынша Францияның бас комиссары Паскаль Лоро.

Естеріңізге сала кетейік, «ЭКСПО-2017» көрмесіне әлемнің 115 мемлекеті мен 22 халықаралық ұйым қатысады деп күтілуде.  Сондай-ақ, көрмені 5 миллионға жуық турист тамашалайды деп жоспаранған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1506
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3278
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5768