ТҮСІНДІРМЕЛЕР. Ш. Ш. УӘЛИХАНОВ ТУРАЛЫ ЕСТЕЛІКТЕР
Н. И. Веселовский. Аққан жұлдыз
Ш. Ш. Уәлихановтың 5 томдық шығармалар жинағы бойынша (ары қарай УШЖ) жарияланып отыр, Т. 4, Алматы, 1968, 500-503бб. Бірінші рет мәтін Н. И. Веселовскийдің редакциясымен жарыққа шыққан Ш. Уәлихановтың шығармаларында жарияланды
(СПб, 1904, I III б).
1 ... [Уәлиханов] мақалалары ... басқа біреудің қолымен қайта көшірілген ... - Шоқанның қолжазбаларын Г. Н. Потанин, К. К. Гутковский, И. И. Ибрагимов және өзге хатшылар көшірген.
2 ... олардың біразының [Уәлиханов еңбектерінің] түпнұсқасын табу мүмкін болмады - Н. И. Веселовский К. К. Гутковскийдің отбасында сақталған материалдардың барлығын ала алған жоқ. Олармен тек Ленинградтағы Ғылым академиясы мұрағатына өткізілгеннен кейін танысу мүмкін болды (қараңыз: «Труды Архива АН СССР», вып. I, Л., 1933, СС. 15-158).
3 Джидда - Сауд Арабиясындағы қала, Қызыл теңіздегі порт, сол арқылы жыл сайын миллиондаған мұсылман әр елден қажылыққа келеді.
А. Н. Пыпин. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы
А. А. Пыпинның «История русской этнографии» кітабынан (IV, 1892, СС. 397- 400) алынған үзіндіге негізделген УШЖ, Т. 4, 618 б. мәтін бойынша жарияланып отыр.
Н. И. Веселовский. Аққан жұлдыз
Ш. Ш. Уәлихановтың 5 томдық шығармалар жинағы бойынша (ары қарай УШЖ) жарияланып отыр, Т. 4, Алматы, 1968, 500-503бб. Бірінші рет мәтін Н. И. Веселовскийдің редакциясымен жарыққа шыққан Ш. Уәлихановтың шығармаларында жарияланды
(СПб, 1904, I III б).
1 ... [Уәлиханов] мақалалары ... басқа біреудің қолымен қайта көшірілген ... - Шоқанның қолжазбаларын Г. Н. Потанин, К. К. Гутковский, И. И. Ибрагимов және өзге хатшылар көшірген.
2 ... олардың біразының [Уәлиханов еңбектерінің] түпнұсқасын табу мүмкін болмады - Н. И. Веселовский К. К. Гутковскийдің отбасында сақталған материалдардың барлығын ала алған жоқ. Олармен тек Ленинградтағы Ғылым академиясы мұрағатына өткізілгеннен кейін танысу мүмкін болды (қараңыз: «Труды Архива АН СССР», вып. I, Л., 1933, СС. 15-158).
3 Джидда - Сауд Арабиясындағы қала, Қызыл теңіздегі порт, сол арқылы жыл сайын миллиондаған мұсылман әр елден қажылыққа келеді.
А. Н. Пыпин. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов туралы
А. А. Пыпинның «История русской этнографии» кітабынан (IV, 1892, СС. 397- 400) алынған үзіндіге негізделген УШЖ, Т. 4, 618 б. мәтін бойынша жарияланып отыр.
1 Гутковский ... оған [Шоқанға] қазақтарды басқару туралы жазба дайындауды тапсырды. - «Ұлы жүз қазақтарын басқару туралы» мақаладағы ескертпені қараңыз.
2 ... оны жасаған көтерілісші Якуб бек еді... - Қожа Уәлихан төре мен Шығыс Түркістандағы Жетішар мемлекетінің билеушісі Якуб бектің есімі шатастырылған. Қателік А. А. Пыпиннан емес, бұл жазбаны дайындаған Г. Н. Потаниннен кеткен. Жалпы, Уәлихан төре де, Якуб бек те Шығыс Түркістанда төңкеріс жасаған жоқ. Бірі - авантюрист, екінші - халық көтерілісін жеке мүддесіне пайдаланған.
3 ... ол (Шоқан)...1864 жылы, 31 жасында дүние салды - Сол кездегі ғалымдарға ортақ қателік.
4 Оның қолжазбалары із түссіз жоғалып кетті - Бұл пікірді Шоқанның қазасын естігеннен кейін Омбы түрмесінен шыққан Г. Н. Потанин мен М. Ядринцев айтқан. Шоқан қолжазбаларын ол дүние салғаннан кейін К. К. Гутковский Петерборға әкелген және Қазан төңкерісіне дейін соның үйінде сақталған. 1920 жылы оларды Гутковскийдің қызы КСРО Ғылым академиясының мұрағатына өткізген.
П. И. Небольсин. (Ш. Уәлиханов Петерборда)
УШЖ мәтіні бойынша, Т. 4, 618-620 бб., П. И. Небольсиннің «Русский вестникте» жарияланған «Путешествующие киргизы» мақаласына негізделіп басылып отыр, 1860, Т. XXIX, 42-43 бб.
1 Ш. Ш. Уәлихановтың баяндамасы Oрыс географиялық қоғамында 1860 ж, 4 мамырда жасалды. («Русский инвалид», 1860, №95). Ол орыс, неміс және ағылшын басылымдарында біраз пікір туғызды. Қараңыз: «Северная пчела», 1860, №192; Archiv fur wissenschaftliche Kunde von Russland. Herausgegeben von Ermann. Bd. XIX. Berlin, 1860.
И. В. Мушкетов. [Шоқан Уәлиханов
және оның геологиялық
коллекциясы]
УШЖ, Т. 4, 488-489 бб. мәтіні бойынша жарияланып отыр, И. В. Мушкетовтың «Туркестан» кітабынан Т. 1, СПб, 1886, 171-172 бб. алынған.
1 ... Уәлиханов... Зәукі асуы арқылы Шатыркөл жанынан өтіп Қашғарға барды. - Бұл қате мәліметті көптеген зерттеушілер қайталайды. Ал Уәлиханов Шатыркөл арқылы қайтар жолында ғана жүрген (қараңыз: УШЖ, күнделік, 2 том).
2 Оның бірнеше мақалалары бар... - Әңгіме РГҚЖ жарияланған мақалалар туралы ғана болып тұр.
3 ... бұл сирек кездесетін коллекция сарапталмай жатып жоғалып кетті - Шамасы, Уәлиханов Қашқардан әкелген, кейіннен Германияға ғылыми зерттеу үшін жөнелтілген тау жыныстарының коллекциясы болса керек (қараңыз: УШЖ, Т. 1, 396 б.)
П. П. Семенов Тянь-Шаньский
және А. А. Достоевский.
(Ш. Ш. Уәлихановтың Қашқарға
саяхатының маңызы жайлы)
УШЖ, Т. 4, 480-482 бб. бойынша жарияланып отыр, «История полувековой деятельности Имп. Русского географического общества. 1845-1895» кітабынан алынды. Т. І, СПб, 1896, 275-276 бб.
1 ...1860 жылы Петерборға келді. Ол жерде Географиялық қоғамның мүшелігіне алынып... - Нақты емес. Шоқан ОГҚ-на 1857 жылы мүше болған.
Г. Н. Потанин. Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
УШЖ, Т. 4, 567-573 бб. мәтін бойынша жарияланды, «Сибирская жизнь» газетінен алынған. 1903, №133
1 Шыңғыс Уәлиұлы ... дала округтарының бірінде басшы болып тұрған - яғни, Құсмұрын деп өзгертілген Аманқарағай округінің, кейіннен Көкшетау округінің аға сұлтаны болды.
2 Померанцев - полковник, суретші, кадет корпусындағы бейнелеу пәнінің оқытушысы.
3 Бұл мақалалар неміс тілінде Берлинде Эрманның Archiv'е басылды. - Аталған мақалалар: «Ost-Turkestan oder die chinesische Provinz Nan-lu». Aus dem Reiseberichte der Stabs-capitans Walichanow. Archiv fur wissenschafttliche Kunde von Russland. Bd. XXI. Berlin, 1862, S. 605-636; «Zur Geschichte Ost-Turkestans. Der Aufstand in Kaschgar, im Jahre 1857.Aus dem Russischen von Walichanow», Archiv Ermanns, 1862, Bd. XXII, S 71 82.
4 Жюльен Ноэль Станислав (1799-1873) - француз шығыстанушысы, Коллеж де Франстың қытай тілі профессоры, Қытай тарихы мен мәдениеті туралы көптеген шығармалардың авторы.
Н. М. Ядринцев. Шоқан Уәлиханов туралы естелік
ЦГАЛИ (Ф. 159, Д. 179, ЛЛ. 59-64) қолжазбалары негізінде УШЖ, Т. 4, 573- 577 бб. мәтіні бойынша басылған. Алғаш рет Ш. Ш. Уәлихановтың Н. И. Веселовский редакциясымен шыққан шығармаларында жарияланған (СПб, 1904, 35 39 бб.).
1 ... оған кішкене көмек қылуға мүмкіндік туды. - Н. М. Ядринцев Шоқанға қаржылай көмектесіп тұрған (қараңыз: Шоқанның әкесіне және А.Н.Бекетовке жазған хаттары).
2 Менің онымен таныстығым Сібірде де жалғасты... - яғни, олардың Санкт-Петербордан оралғаннан кейін (1862-1864 жж.).
3 Сол Омбыда... кәрі штат генералы болды... - Әңгіме сол кездері Омбыда қызмет еткен генерал лейтенант Н. Волков туралы болып отыр.
4 Бұндай ұсынысты генерал губернаторлардың біреуі айтса керек. - Шоқанға ескерткіш орнатуды ұйымдастырған К. П. Кауфман мен Г. А. Колпаковский болатын.
Д. және Р. Мичелл.
Ш. Ш. Уәлиханов, М. И. Венюков
және өзге орыс саяхатшыларының
Орталық Азия туралы
еңбектерінің ағылшын тіліндегі
басылымға дайындаған алғысөзінің аудармасы
УШЖ, Т. 4, 597-599 бб. мәтіні бойынша басылып отыр, ағылшын тіліндегі: The Russians in Сеntral Asia, their occupation of the Kirgiz Steppe and the of the Syr-Daria, their Political Relations of the Chinese Turkestan and Dzungaria. By Capt. Valikhanof, M. Veniucof, and other Russian Travellers. Translated from the Russian by John and Robert Michell. London, Edward Stanford, 6, Charing Cross, 1865 ж. Еңбегіне кіріспесінің аудармасы.
1 Қоқан хандығында әлі ізі суымаған саяси оқиғалармен байланысты... - Әңгіме генерал Черняевтің 1865 жылы Ташкентті алғаны туралы болып отыр.
2 Сырдария шебінің Шығыс Сібір шебімен қосылуы... - Шын мәнінде мұндай әскери шеп болған емес. 1860-1866 жылдары сол жақ қанат туралы әңгіме, яғни Орынбор шебімен Қазақстанды оңтүстігінен шеңберлей айнала отырып Батыс Сібір шебімен біріктіру туралы болды. Бұл идея Әулиеата, Шымкент және Ташкент қалаларын алғаннан кейін жүзеге асты.
3 ... генерал Игнатьевтің Хиуа мен Бұхарада соңғы миссиясы 1858 жылы іске асты, бұл Шоқан Уәлиханов Қашқарға сапар шеккен жылы болды. Екі саяхат та патшалық саясаттың ортаазиялық Шығысты Ресейге қосу алдындағы белсенділігін танытады.
[Қазанама]
«Герман корольдік географиялық қауымдастығы» (авторы көрсетілмеді) Mittheilungen aus Justus Perthes' Ceographischer Anstalt ... von Dr. A. Petermann», 1867, S. 37 мерзімдік басылымда жарияланған мәтіннің орысша аудармасы бойынша алғаш рет басылып отыр. (қазанаманың орысша аудармасын жасаған В. Н. Настич).