Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 17105 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:36

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

ПРОФ. И. Н. БЕРЕЗИННІҢ «ХАН ЖАРЛЫҒЫ»

[КІТАБЫНА ЕСКЕРТПЕЛЕР]

(Тоқтамыс ханның Ягайлоға арнаған жарлығы. Қазан, 1850 жыл)

 

УШЖ, Т. I, Алматы, 1961 ж., 131-141 бб. мәтіні бойынша басылып отыр.

Проф. И. Н. Березиннің 1850-1851 жылдары шыққан кітабына рецензияның бастапқы нұсқасы («Алтын Орданың ішкі құрылымы (хан жарлықтары бойынша)». СПб, 1850: «Тоқтамыстың, Темір-Құтлықтың және Саадат Гирейдің тархандық бұйрықтары», Қазан, 1851). Рецензия Қазембек поляк тілінде жариялаған жарлықтың бір бөлігін салыстырмалы транскрипциямен берген «Алтын Орда ханы Тоқтамыстың поляк королы Ягайлоға жарлығы, 1392 1393» Қазан, 1850. атты кітапта келтірілген Тоқтамыстың Ягайлоға жарлығының түркілік мәтінін және Уәлихановтың түсініктемесін қамтиды. «Уәлихановтың шығыстану бойынша жазбалары» (ЦГАЛИ, Ф. 118, Оп. 1, №469, 2-2 об. 3-3 об.) деп аталатын жеке папкада бөлек бөлек қағаз күйінде сақталған. Уәлиханов жарлықтың өзі жасаған аудармасын бермей, оның көне орыс тіліндегі нұсқасын ұсынумен шектелген, оның оқылуының бірнеше нұсқасы мен қосымшалары бар, бұл нұсқа Тоқтамыстың Ягайлуға жазған дипломатиялық хатының көшірмесі.

ПРОФ. И. Н. БЕРЕЗИННІҢ «ХАН ЖАРЛЫҒЫ»

[КІТАБЫНА ЕСКЕРТПЕЛЕР]

(Тоқтамыс ханның Ягайлоға арнаған жарлығы. Қазан, 1850 жыл)

 

УШЖ, Т. I, Алматы, 1961 ж., 131-141 бб. мәтіні бойынша басылып отыр.

Проф. И. Н. Березиннің 1850-1851 жылдары шыққан кітабына рецензияның бастапқы нұсқасы («Алтын Орданың ішкі құрылымы (хан жарлықтары бойынша)». СПб, 1850: «Тоқтамыстың, Темір-Құтлықтың және Саадат Гирейдің тархандық бұйрықтары», Қазан, 1851). Рецензия Қазембек поляк тілінде жариялаған жарлықтың бір бөлігін салыстырмалы транскрипциямен берген «Алтын Орда ханы Тоқтамыстың поляк королы Ягайлоға жарлығы, 1392 1393» Қазан, 1850. атты кітапта келтірілген Тоқтамыстың Ягайлоға жарлығының түркілік мәтінін және Уәлихановтың түсініктемесін қамтиды. «Уәлихановтың шығыстану бойынша жазбалары» (ЦГАЛИ, Ф. 118, Оп. 1, №469, 2-2 об. 3-3 об.) деп аталатын жеке папкада бөлек бөлек қағаз күйінде сақталған. Уәлиханов жарлықтың өзі жасаған аудармасын бермей, оның көне орыс тіліндегі нұсқасын ұсынумен шектелген, оның оқылуының бірнеше нұсқасы мен қосымшалары бар, бұл нұсқа Тоқтамыстың Ягайлуға жазған дипломатиялық хатының көшірмесі.

7 бет, 8 сырт пен 16 бет, 16 сырттағы Уәлихановтың Темір Құтлық жарлығына, Тоқтамыстың тархандық жарлығына және Саадат Гирейдің жарлығына жасаған түсініктемелерін қамтиды.

Қолжазбада күн қойылмаған, ол шамасы, Березин Костылецкий арқылы Уәлихановтан хан жарлығында кездесетін біраз көне сөздердің мағынасын анықтау туралы өтініш білдіргеннен кейін жазылса керек. Березин мен Костылецкийдің хаттарынан мәлім болғандай, ол алдымен Костылецкийге өтініш білдірген, бірақ соңғысы дұрыс жауап бере алмайды. 1852 ж, 7 тамыздағы хатында Костылецкий былай деп жазады: «Сізден Лещев арқылы және И. И. Захаров арқылы екі хат алдым, бірақ, жауап бере алмадым. «Дағыстан және Закавказье бойынша саяхат» және «Тоқтамыс жарлықтарын»... жібергеніңізге алғыс айтамын. «Тоқтамыс жарлықтарындағы» кейбір түсініксіз сөздерге келетін болсақ, бар ниетіміммен жәрдемдескім келгеніммен, менің қолымнан келмейді... Дегенмен, мен өзімнің кейбір шәкірттеріммен хат алысып тұрамын, олар түрлі нұсқаулармен даланы шарлап жүр» (НБТГУ, архив Г. Н. Потанина №129/б, Л. 5346). Костылецкийдің шәкірттерінің ішінде оның ұсынысына бірінші болып Ш. Уалиханов жауап қайтарды.

 

Нарушевич Адам Станислав (1733 1796) - көрнекті поляк тарихшысы, ақын, ертедегі авторлар аудармашысы. 1755 жылдан бастап Вилен академиясының профессоры. Поляк халқының тарихы және көне дәуірден XVIII ғасырға дейінгі Қырым тарихы бойынша көп томдық еңбектің авторы.

Оболенский Михаил Андреевич (1805-1873) - тарихшы-мұрағатттанушы, Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу бас мұрағатының директоры. Заттық және жазба мәлімет көздерін жинақтап, бастырушы. Оның еңбектерінің тізімі «Русская старина» (1873, №2) журналында жарияланған.

Френ Христиан Мартин Йоахим (Ресейде - Христиан Данилович (1782-1851) - академик, көрнекті орыс шығыстанушысы, 1807 жылдан бастап Қазан университетінде шығыс тілдерінің профессоры, оның негізін қалаушылардың бірі, ал 1818-1842 жылдары Ғылым академиясының Азия музейінің директоры. Академик атағын алғаннан кейін Френ шығыс дереккөздерін - көне қолжазбалар мен тиындарды, жазуларды зерттеумен түбегейлі айналысқан.

Х. Френ шығыс нумизматикасының нағыз білгірі болды. Бұл мәселеге арналған көптеген жұмыстардың ішінде әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтпаған еңбектері: «De Academiae Imp. Scientarum Petropolitanae Museo numario moslemico...» Petropoli, (СПб) 1818; Resensio numorum muhammedanorum Academiae Imp. Scientarum Petropolitanae ...», Petropoli, 1826; Жошы ұлысы немесе Алтын Орда хандарының ақшасы, өзге мұсылман династияларының тиынымен қоса...», СПб, 1832 және т. б. Орыс түркітануына Х. М. Френ түркі тілді қолжазбалар түсініктемелерінің авторы және Әбілғазының «Шежіре и түрк» (XVII ғ.) шығармасын бастырушысы ретінде кірді. Х. М. Френің ғылыми еңбектерін туралы қараңыз: «Dorn B, Das Asiatische Museum der kaiser». Akademie der Wissenschaften zu St-Petersburg. SPb, 1846; Дорн Б. «Академик Френ и его ученая деятельность». - УЗАН: т. 3, вып. 3, СПб, 1855, СС. 429-465; Савельев П. С. «О жизни и ученых трудах Френа». СПб, 1855; Крачковский И. Ю. «Очерки по истории русской арабистики». - Избр. соч., т. 5, М. 1958, СС. 71-75.

Шмидт Яков (Исаак) Иванович (1779-1897) - орыс шығыстанушысы, монғол және тибет тілдерінің маманы, Петербор ғылым академиясының адъюнкт академигі. Оның негізгі еңбектері: «Монғол тілінің грамматикасы» (СПб, 1831); «Монғол неміс орыс сөздігі» (СПб, 1835); «Тибет неміс сөздігі» (СПб, 1841).

5 Ковалевский Осип Михайлович (1800-1870) - монғолтанушы орыс ғалымы. 1833-1860 - Қазан университетінің профессоры, 1862 - Варшава бас мектебінің профессоры. Ковалевскийдің негізгі еңбектері: «Монғол кітап тілінің қысқа грамматикасы» (1835); екі томдық «Монғол хрестоматиясы» (1836-1837); үш томдық «Монғол орыс француз сөздігі» (1844-1849); «Монғолдар тарихы»; «Монғол әдебиетінің тарихы»; «Буддизм тарихы».

Казембек Александр Касимович (Мырза Мұхаммед Али) (1802-1870) - көрнекті орыс шығыстанушысы; шыққан тегі бойынша әзірбайжан, схоластикалық мұсылмандық білім алған. 1827 жылдан бастап Қазан университетінде парсы және татар түрік әдеби шығармалар тарихы бойынша профессор; ал 1849 ж. бастап Петербор университетіндегі парсы әдеби шығармашылығы кафедрасының меңгерушісі, Петербор ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Кавказ тарихы, Иран, Орта Азия және Қырым, ислам тарихы бойынша кітаптар жазған; татар түрік тілдерінің жалпы грамматикасын құрастырған. Түрік, араб және парсы тілдеріндегі өзге де еңбектердің авторы.

Гаммер (Хаммер-Пургшталь Йозеф) (1774-1856) - Австрия дипломаты және тарихшы шығыстанушы, Алтын Орда тарихының білгір маманы. Негізгі еңбектері: «Hammer - Purgstall J. Geschichte der Goldenen Horde in Kiptschak, das ist: der Mongolen in Russland. Pesth, 1840. Geschichte der Hchane, das ist der Mongolen in Persien. Bd, I-II. Darmstadt, 1842-1843».

Һижра жыл санауы бойынша 795 жыл Ражаб айының 8-і 20 мамыр, 1393 жылға сәйкес келеді.

Вершок - орыстың метрге дейінгі өлшемі, 4,45 cм ге сәйкес келеді. 9 вершок 40 сантиметрге жуық.

10 Банзаров Доржи (1823-1855 жж.) - бурят ғалымы, этнограф және шығыстанушы. Банзаровтың атаулы еңбектері: оның диссертациясы «Қара сенім немесе монғолдардың шаманизмі» (1846 ж.) - шамандық туралы алғашқы ғылыми жұмыс; «Пайзе немесе монғол хандарының металл тақтайшаларға жазылған жарлықтары» (ЗАНО, 11т., 1850 ж.).

11 Григорьев Василий Васильевич (1816-1881 ж.) - орыс шығыстанушысы, Петербор ғылым академисының корреспондент мүшесі, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихын, географиясын және көне мұраларын зерттеуші. Оның атаулы еңбектері: «Скиф халықтары сақтар туралы. Тарихи монография» (СПб, 1871 ж.); «Алтын Орда хандарының орыс рухани өкілдеріне берген жарлығының анықтығы», М, 1842; «Хиуа хандығы мен оған Сарайшық бекінісінен баратын жолдың сипаттамасы» (ЗРГО, 1861, №2, 105 138 б.); «О куфических монетах, находимых в России и прибалтийских странах, как источниках для древнейшней отечественной истории» (ЗООИД, т. 1, Одесса, 1842, СС. 115 166). Риттердің «Землеведения» екі томдық аударымасын жасап, «Восточный или Китайский Туркестан» вып. II (СПб., 1873) деген түсініктемелер мен ескертулер қосты. Григорьевтің негізгі мақалалары «Россия и Азия» (1876) жинағына енді. Орынбор қазақтары облысының басқармасы болған кезде Григорьев қазақ халқының мәдениеті тарихына біраз еңбектер арнады. Ол Шоқанмен таныс болған, Уәлихановтың маңызды қолжазбаларының үлкен бөлігі Григорьев мұрағатында сақтаулы тұр (ЦГАЛИ, Ф. 159, №179).

12 Полевой Николай Алексеевич (1796-1846) - орыс журналисі, жазушы, тарихшы. 1817 жылдан бастап Санкт Петербор және Мәскеу журналдарында қызмет істеген. 1825-1834 жылдары «Московский телеграф» журналын шығарды.

13 Уәлиханов уақытты есептеуде шатасқан (8 түсіндірмені қараңыз).

14 Асан - есім анықталмады; Котлубуга (Кұтлық Бұқа) - Жошы ұрпағынан шыққан әмір, 1361 1375 жылдары Ақ Орданы билеген Орыс ханның ұлы (Лэнь-Пуль, Мусульманские династии мақаласы. Ағылшын тілінен аударған В. В. Бартольд. СПб, 1899, С. 192; МИКХ, С. 42). Тоқтамыстың 1831 және 1392 1393 жж. Литва королі Ягойлоға елшілігі туралы. Қараңыз: Spuler B. Die Goldene Horde. Die Mongolen in Russland. 1223 1502. Leipzig, 1965, S. 131 132. Греков Б. Д; Якубовский А. Ю. Золотая Орда и ее падение. М, 1950; С. 324. Греков И. Б. Восточная Европа и упадок Золотой Орды. М, 1975, СС. 152, 211; Султанов Т. И. Письма золотоордынских ханов. Тюркологический сборник. 1975, М, 1978.

15 Троки - Литва князі Витовтың мұралық иелігі, Ягайло жаулап алып, кейіннен 1432 жылы Витовты өзінің орынбасары ретінде Литва князьдігінің билеушісі етіп сайлап өзге мұралық жерлерімен бірге қайтарады. Троки қаласы (қазігі аты Тракай) Вильнюстың батысқа 20 шақырым жерде орналасқан.

16 Бекболат, Қожа Медин (нақ. Ходжам Дин), Бекгич (мәтінде: Бекиш не Бикеш), Турдучак және т. б. - анықталмаған атаулар. Қараңыз: В. В. Бартольд, Отец Едигея - Сочинения. т. 2, часть 1, М. 1963. СС. 801 802.

17 Тикня - түркілік түпнұсқа хатта бұл есім аталмайды. Шамасы, Тоқтамыстың замандасы, князь Тегин Ширинский болса керек.

18 Идикгий (кейде - Идигу, Эдигю, Едіге) - бек, маңғыт тайпасының әмірі, Тоқтамыстың тұсында «сарай меңгерушісі» болған, ол дүние салған соң Алтын Орданы іс жүзінде басқарған, 1419 жылы қайтыс болды. Ақсақ - Әмір Темірдің лақап аты (1370 1405).

19 Черный Песок - Қарақұм шөлі.

20 Тулу - Очжя (Тулу қожа) - есім анықталмаған.

21 «...тауық жылы ережеп айындағы...» - Түркі монғол жыл санауы бойынша тауық жылы 1393 жылдың 6-ақпанында басталды. Ережеп - бұрмаланған араб сөзі رجب «ражаб» (мұсылман ай күнтізбесі бойынша 7-ші ай). Қараңыз: 8 түсіндірме.

22 6 3/4 вершок 30 сантиметрге тең.

23 Темір - Құтлық (Темюр Кутлуг, Тимур Кутлуг) - Алтын Орда ханы (1395 1401), Тоқтамыстан кейін орданы билеген Темірдің адамы.

24 Оң және сол жақ қанаттарға бөлу (мұнда оң және сол қол) - Еуразияны мекендеген дала тайпалары арасында ерте заманнан бар дәстүр.

25 Машайық пен әулие - екі сөз де араб тіліндегі شیخ шейх және ولی уәли сөздерінің көпше түрлері. Орта Азия мен Қазақстанда басқа мағынасында қолданылып, жекеше түрде саналған (қараңыз: «Ұлы жүздің аңыз-әңгімелеріне» түсіндірме).

26 Бұқауыл - дұрысы, хан асын реттеуші (қараңыз: В. В. Бартольд. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Соч. т. І, М, 1963, С. 447)

27 قوشچی (құсшы) - Бұл сөзді Уәлиханов «бүркітші» ретінде емес, «жорық кезіндегі қызметші» ретінде түсіндіріп, оны қос قوش және қосшы قوشچی сөздерінен таратады.

28 سالیق، سالیغ (салығ, салық). Уәлиханов бұл терминнің тек бір ғана мағынасын береді - қос, лагерь. Салық деп және де «жыл сайын алынатын салым» түрін де айтады. (кейінгі деректер мен құжаттарда اليق алық немесе اليغ алығ, басқаша الغوت وصالغوت тіркесі болып кездеседі). Салық салмақ - салық салу.

29 (ییل سانی) - дұрыс оқылмаған, Уәлиханов дұрыс оқыған (ییل ساین) жыл сайын. Жарлықта жыл сайын өсіп бара жатқан салық туралы айтылады.

30اوسال، اوصال - осал, әлсіз, ретсіз, дәрменсіз, тәртіпсіз. اوسال قیلماینچا - бұзақылықты болдырмау. Сөз тәртіп туралы, жыл сайынғы салықты уақытында төлеу туралы болып отыр. Көне қыпшақ құжаттарында бұл сөз өте жиі кездеседі. Мәселен, اوسال قیلدی - дұрыс емес, қателесіп істеді; اوسال سز قیلور - мүлтіксіз, жақсы орындады. (МСМА, ч. I-III, Изд-во АН СССР, М. -Л 1938, С. 271).

31 Сеадат (Сағадат) Гирей - Қырым ханы, Меңлі Гирейдің ұлы, 1524 1532 жылдары билік құрған.

32 Ван Хан - Шығыс Монғолияның билеушісі (XII ғ. соңы) - монғол ақсүйектерінің көшбасшысы Шыңғысхан (Темучин) шыққан керейіт тайпасынан.

34 Хулагулар - XIII XIV ғасырлардағы Иранды билеген монғол билеушілері Хулагу (Ильхан) әулетінің бұрмаланған атауы. Шағатай - Шыңғысханның ұлы, Мәуреннахр, Жетісу және Шығыс Түркістан ұлыстарының ханы (1227-1241), Шағатай әулетінің негізін қалаушы.

35 Алтан хан (Алтын хан) - Оңтүстік Сібір жерлерін билеген уранхай княздерінің лақап атауы. XVIII ғасырдан кейін олардың иеліктерінің жартысы Қытайға, жартысы Ресейге өтті.

36 Дәулет Гирей - Қырым ханы (1551-1577), Меңлі Гирейдің немересі, орнынан алынған Қазан ханы Сақып-Гирейдің жиені. Көп рет Мәскеуге шабуыл жасап, барлық жорықтарында жеңіліске ұшыраған. Патша Иван IV-ден үнемі Қазан мен Астраханды беруді талап етіп, есесіне өз достығын ұсынған. Соңғы жорығында Мәскеу түбінде (1572) қырымдықтар ойсырай жеңілді (қараңыз: Карамзин Н. М. Истории государства Российского т. VIII-IX, СПб., 1892).

37 Дәулет Гирей ханның жарлығы - екі қолжазба күйінде: Уәлиханов көшіріп жазған түпнұсқа мен орысша аударылған таза нұсқасымен сақталған. Аудармасын жасаған Уәлиханов. Бастапқы жазбада шығыс терминдерінің арасында орысша аударма жол арасына жазылып отырған. Архив АН СССР, Ф. 23, Оп. 1, №11, ЛЛ. 55-57 об. авторлық көшірме бойынша жарияланып отыр.

38 Ұландар (оғландар, уландар) - билеуші феодал ақсүйектердің (хан, сұлтандардың) ұлдары, Алтын Орда, Қырым, Астрахан феодалдық хандықтарында, Шағатай ұлысы мен Ақ Ордада ең жоғарғы әкімшілік және әскери қызметтерді атқарған билік етуші әулет мүшелері. Олар әскери және саяси мәселелерді талқылауда, құрылтайлар мен хан сайлауда маңызды рөл атқарған.

39 Билер - сұлтаннан кейінгі орында тұратын лауазым, ықпалды рубасылары, мұралық құқыққа ие болған.

40 Даруғабек (даруға, көне орыс құжаттарында: дорога) - Алтын Орда ханының губернаторы, орынбасары, қазынаға алынатын салықты бақылайтын негізгі қызметкер.

41 «... өлшемді бақылаушы» - араб тіліндегі мухтасибларинга термині осылайша аударылған. Мухтасиб базардағы өлшемнің дұрыс-бұрысын қадағалап, тексеріп тұрған адам; таптық дәрежеде қазымен қатар тұрды.

42 Муэззин (араб. ﻤﺆﺫﻦ муаззин, орыс тілінде әдетте бұрмаланып - муэдзин, мұсылмандардағы төменгі дәрежелі дін қызметкері, мұсылмандарды бес рет намаз оқуға шақыратын адам. Орта Азия мен Қазақстанда әдетте азаншы деп аталады (ﭼﻰ + ﺍﺫﺍﻦ); қазақша - азаншы.

43 Бақауыл - шекара қызметінің бастығы, шекара қызметкері. Бакмак - «күзету, қарауылда тұру» деген сөзден шыққан. Тағы бір түсініктемесі: бұқмақ - «тығылу, түрін өзгерту, жасырын ұстау». Бұл жағдайда да сөз шекара қызметі туралы болып отыр. Бұл терминді (ﺒﻮﻛﺎﻮﻞ) букаул - хан асын ұйымдастырушымен шатастыруға болмайды.

44 Әбу Салям би - есім бұрмаланған, мәтінде 'Абд ас Салам би.

45 Мухаррамның 977 ж. милади бойынша б.з. 1569 ж. 16-15 маусымға сәйкес келеді.

46 Қарасу (Қарасубазар) - далалық Қырымдағы қала, қырым хандарының рециденцияларының бірі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377