Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 19216 8 пікір 22 Маусым, 2017 сағат 19:17

«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы». Олар кімдер?

Президент Н.Назарбаев сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Мен бүгінгі замандастарымыздың жетіс¬тік¬терінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» деген еді. Бұл жобаны іске асыру ақпарат және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Халықтары ассамблеясына жүктелген еді.

Сөйтіп, президент мақаласында айтылған «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы іске асыру мақсатындағы жұмыстар басталып кетті. Ең әуелі жоба жобаны іске асуры бойынша жұмысшы тобы құрылды. Іле министр Дәурен Абаев бұл жұмысты мемлекеттік құрылым бір өзі іске асыра алмайды, сондықтан қоғам белсенділерін де осы жобаға атсалысуға шақыру туралы шешім қабылдағанын айтқан еді. Осылайша, министр Абаев өткен аптада қоғамдық бастамашыл өкілдері Ержан Бағдатов, Павел Коктышев, Зинаида Пак, Арман Нұрғазиндермен кездесіп, олармен «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасы жайлы кеңесті.

Кездесуде Дәурен Абаев шартты түрде «Бюро 100» деген атаумен жұмыс істейтін бұл топқа жұрт біле бермейтін еліміздегі ең іскер, еңбекқор, айналасына сыйлы адамдарды іздеу жұмысын үйлестіру үшін азаматтық қоғаммен байланыс орнату жүктелді.

Дәурен Абаевпен кездесуден кейін азаматтық қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыс тобының өкілдерінің бірі Ержан Бағдатов жоба туралы ойын айта келіп, былай деді.

Ержан Бағдатов:

  • Елімізде көптеген азаматтар елеусіз, қоғамның назарынан тыс қалып келеді. Осы жоба арқылы сондай адамдардың танылғанын қалаймын. Қоғам сондай адамдарды ұсынуы тиіс. Мәселен, Димаш сияқты әлемді таңқалдырған таланттарды 100 жаңа тұлғаның арасынан көргім келеді. Министр өз қайырылып, күтпеген кездесу өткізді. Көп ойлар айтты. Әр қайсымыздың өз жетістігіміз бар. Мұны қолдау керек. Енді біз сондай адамдарды іздеу үшін ауыл, ауданға жолға шығамыз.

Жоба бойынша ерекше адамдар ұсынылса деймін. Менің ойымша, ол адамның тек жетістігі, істеген ісі ғана емес, өзгеше ойлауы, көзқарасы, жаңа мүмкіндіктерді аша білетін қасиеттері сынды адами ерекшеліктеріне көбірек мән берілген дұрыс. Бір сөзбен айтқанда, шаблон болмауы тиіс.

Зинаида Пак:

  • Министрмен жоба аясында бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Біз жай ғана қоғамдық бастамашыл топпыз. Жобаның қоғам үшін де, мемлекет үшін де жақсы деңгейде өткенін қалаймыз. Егер әрбір мемлекеттік бағдарлама қоғамдық кеңестердің қатысуымен жасалып, іске асса, оның пайдасы көбірек болар еді деп ойлаймын. Ал, жоба бойынша 100 жаңа тұлғаның таңдаудың талаптары el.kz сайтында жазылды. Сол жерден танысуға болады.

Арман Нұрғазин:

  • Кездесуде Қазақстанның жаңа 100 тұлғасын анықтау шарасына орай Бюро 100 – азаматтық бастамасы көтерілді. Кездесуге барған әрбіріміздің қоғамдық бастама туралы өз айтарымыз болды.

Павел Коктышев:

  • Жалпы менің кәсібім кәсіпкерлерді қолдау. Меніңше, олар туралы қажетті деңгейде айтылып жатқан жоқ. Осындай мемлекеттік бастама бар екенін естідім. Кездесуге әріптестерім шақырды. Меніңше, жобаға ұсынылатын адам өзгеге ұқсамайтын адами тағдыры бар болғаны жөн. Мәселен, көп жыл еңбек етіп, өзінің шебері болған, шәкірт тәрбиелеген сол ісімен айналасына үлгі болып жүрген адам болса құба-құп.

Осылайша, «Қазақстанның жаңа 100 тұлғасы» жобасына қоғамдық бастамашыл топта араласып, жаңа тұлғаларды таңдауға көмектеспек. Әрине, бастамашыл топ өкілдерінің әрқайсының өзінің жаңа тұлғаға лайық көретін адамдары бар. Алайда, 100 тұлғаны таңдау қоғам ісі. Қоғам ісі болғандықтан бастамашыл топ ел аралап, азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, жаңа тұлғаларды анықтау атсалыспақ.

Бастамашыл топ алғашқы жұмысын бастап та кетті. Бүгін Астанадағы Орталық Коммуникациялар қызметімен бірлесіп, «Бюро 100» бастамасы аясында Астанадағы «Азаматтық альянс» үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы өкілдерімен кездеу жасады.

Нұра Матай

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2054