Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2556 0 пікір 5 Қараша, 2010 сағат 11:09

Қазақстанның климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша тұжырымдамасы 2010 жылдың соңында дайын болады – БҰҰ ДБ

Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Әрсен Бектасов. Қазақстанның климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша тұжырымдамасы жыл соңына дейін аяқталады, деп мәлім етті БҰҰ даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (ҚОҚМ) климаттың өзгеруі бойынша бірлескен жобасының менеджері Салтанат Жәкенова.

«Оның (тұжырымдама - ҚазТАГ) әзірге алдын ала нұсқасы ғана жасалды. Біз мамандардың, үкіметтің ескертулерін назарға алып, оны жетілдіруге тиіспіз. Тұжырымдаманы жасау маусым айында (2010 ж – ҚазТАГ) қолға алынды. Үстіміздегі жылдың соңына дейін біз оны аяқтаймыз деп ойлаймыз. Келесі жылдың басынан (2011 ж - ҚазТАГ) үкімет арқылы келісудің қажет процедураларын (орындауды – ҚазТАГ) жоспарлап отырмыз», - деді С. Жакенова жұма күні агенттік тілшісіне.

Оның айтуынша, климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша ұлттық тұжырымдама халықтың, экономиканың және табиғат жүйелерінің табиғат жағдайларының өзгермелілігіне және болжанып отырған климаттың өзгеруіне қатысты осалдығын  төмендетуге бағытталған.

Жұмыстың бірінші кезеңінде (2011-2013 жж) климаттың өзгеруінен туындайтын қауіптерді сараптауға негізделген ұлттық бейімделу стратегиясын жасау көзделген. Сонымен бірге, климаттық өзгерістерге байланысты туындайтын қауіптерді жоюға қатысты бейімделу жобаларын жүзеге асыру қолға алынады. Келесі кезеңдер мен олардың міндеттері 2013 жылдың соңына қарай нақтыланады, делінген БҰҰ ДБ ақпаратында.

«Бүгінгі күні бағалау (шығын сомасы – ҚазТАГ) жүргізілген жоқ», - деп мәлім етті С. Жәкенова ҚазТАГ тілшісінің климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша тұжырымдаманы жүзеге асыру барысындағы шығындар туралы сұрағына жауап бере отырып.

Үкіметаралық сарапшылар тобының қорытындысына сәйкес, «Орталық Азия елдерінің, соның ішінде Қазақстанның климаттың өзгеруіне шалғынғыштығы арта түседі».

«2005-2009 жылдары ЖІӨ-нің (Қазақстанның - ҚазТАГ) нақты өсімі 26%, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 6,2% құрады. Алайда ЖІӨ-нің өсуімен қатар, қоршаған ортаға ластаушы заттардың көлемі де артып отыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, ел аумағының 75%-ға жуығына экологиялық тұрақсыздықтың жоғары қаупі төніп тұр», -делінген БҰҰ ДБ ақпаратында.

Оған сәйкес, климаттың өзгеруі «климат – су ресурстары – ауыл шаруашылық өндірісі» жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді.

Қазақстандағы ауыл шаруашылығы егіс алқаптары мен фермаларының өнімділігі жөнінен әлемнің көптеген елдерінен артта келеді. БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның 272,5 млн га аумағының 179,9 млн га немесе 66% шөлге айналуы мүмкін. Қазақстанда топырақтың құнарсыздануынан келетін шығын $2,5 млрд-қа бағаланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608