Сенбі, 23 Қараша 2024
6114 1 пікір 4 Шілде, 2017 сағат 14:52

«Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

«Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында Астана күніне орай Рүстем Абдрашовтің «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Отанқорғаушылардың патриоттық сезімін нығайту мақсатында ұйымдастырылған көрсетілім Қазақстан Республикасының № 7552  Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскерлеріне арналып қойылды.

Отандық кино-туындыларға басымдылық беретін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының кинозалында бұған дейін де мемлекеттік мерекелерде қайырымдылық көрсетілімдер ұйымдастырылған болатын. Қарттар үйінің қарттары мен ардагерлерге, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына толатын кинозалға бұл ретте әскерлер жайғасты. «Балалық шағымның аспаны», «Отты өзен» және «Темір­тау» фильмдерінен кейінгі «Елбасы жолы» киноэпопеясының төртінші бөлімі еліміздің тұңғыш Президентінің мемлекеттік қайраткер ретінде және партия ұйымының жетекшілігінің қалыптасуы жолдарын қамтиды. Мемлекет басшысының партком хатшысы болып сайланып, үлкен саясатқа енді араласа бастаған 1971-1977 жылдары көрініс табады.

Отанға деген сүйіспеншілік пен елдің игілігі, жұрттың қамы жолындағы жанкештілік көрініс тапқан фильмді тамашалаған Ұлттық ұлан әскери бөлімінің әскерлері театр ұжымына алғысын білдірді. Сонымен қатар, қайырымдылық көрсетілімдердің алдағы уақытта да жалғасын табуына тілектес екендіктерін айтты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377