Сенбі, 23 Қараша 2024
4229 0 пікір 10 Шілде, 2017 сағат 08:11

Сирияда АҚШ, Ресей және Иордания келісімге келген бітім шарты сақталып тұр

Сирияда оқ атуды тоқтату жөніндегі Құрама Штаттар, Ресей және Иорданияның араағайындығымен жасалған келісім жексенбіде бұзылған жоқ. Бұл жөнінде бақылаушылардың сөздеріне сілтеме жасап, Франс пресс хабарлайды.

Келісім жөнінде өткен жұма күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеген. Дүйсенбі күні Женевада Сирия үкіметінің өкілдері мен оппозиция делегациясы кездесуі керек.

Соғыс әзірге оңтүстіктің үш қаласында - Дараа, Кунейтра және Свиидада тоқтаған. Сириядағы адам құқықтарын бақылайтын британдық топтың басшысы жексенбі күні таңертеңнен бері аталған қалаларда атыс дауысы естілмеді дейді.

Астанада мамыр айында өткен келіссөзден кейін Сирия президенті Башар Асад режимінің жақтастары Ресей мен Иран және оппозицияны қолдайтын Түркия төрт қауіпсіз аймағын құрып, онда оқ атуды доғару жөнінде келісімге келген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345